Ресей Украина шекарасына әскер топтастыруда
9 тамызда Санкт-Петербург қаласы және Ленинград облысындағы запастағы жауынгерлердің бір бөлігі Украинамен шектесетін аймақтарға жіберілді. Бұл туралы "Вёрстка" басылымы құқық қорғаушылар мен запастағы әскерлердің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Құқық қорғаушылардың сөзінше, запастағы жауынгерлерден ондаған шағым түскен. Олар өздерін әскери комиссариаттарға шақырылғанын және қандай да бір құжатқа қол қоюға мәжбүрлегенін айтқан. Осыдан кейін оларды Украинамен шектесетін Белгород облысына алып кеткен. Запастағы әскерлерді медициналық тексеруден де өткізбеген. Онда "әскери дайындық" 60 күнге созылады деген.
“Төлқұжат, әскери билетін алып, Белгород облысына жіберіп жатыр. Жас құрамы әртүрлі: 26, 30, 40 жас шамасында", - дейді құқық қорғаушылардың бірі.
Abai.kz