Сенбі, 23 Қараша 2024
1539 1 пікір 11 Тамыз, 2022 сағат 14:40

Өзбекстан елшілігі: "Соғысқа қатысқандар сотталады"

Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі шетелде ерікті батальонын құрып, бөтен аумақта соғысқа қатысқан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Өзбекстан елшілігінің ресми сайтында жазылғандай, шетелде жүріп, соғыс әрекеттеріне қатысқан өзбек азаматтары 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен бірге елшілік мигранттарды "ешқандай арандату әрекеттеріне ермей, сақ болуға" шақырады. Өзбекстанның еңбек миграциясы жөніндегі агенттік де шетелде жүрген азаматтарын әртүрлі ерікті әскери топтарға қосылмауға шақырған.

Өзбекстанның ресми өкілдерінің мұндай мәлімдеме таратуына “Пермь аймағындағы Орталық Азия өзбектері қоғамы" лидері Жахонгир Жалоловтың Украинадағы соғысқа қатысу үшін Темірлан атындағы батальон құруды ұсынған мәлімдемесі себеп болып отыр. Оның видео үндеуін Vetta телеканалы жариялады.

"Біздің балалар балабақшаға барады, мектептерде және университеттерде білім алады. Біз Ресейде тұрып, жұмыс істеп жатырмыз. Біз жеген нанды ақтауға міндеттіміз. Ерікті батальон құрып, оны Әмір Темір [Темірлан] деп атауды сұраймын", - деген үндеуінде Жалолов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435