Сенбі, 23 Қараша 2024
1782 4 пікір 11 Тамыз, 2022 сағат 14:48

Хаменова сотта тағылған айыпты мойындамады

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Бұдан бұрын Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот өтіп жатқанын жазған едік. Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.

Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылғы 13 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол бұл тағайындауға дейін алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440