Елімізде зейнетақы мөлшері қанша теңге?
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/08/13627282_0_0_1990_1125_1920x0_80_0_0_b50b8d774aa9f92687dddbccc0f13736.jpg)
Қазақстандағы орташа зейнетақы – 109 156 теңге. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Биылғы 7 айда қазақстандықтарға жалпы сомасы 1,7 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 миллирад теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллирад теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 миллиард теңге бөлінген.
"2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 247 мың адам. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды", - дейді министрлік.
Еске салайық, шілдеде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 117 469 теңге болған еді.
Abai.kz