Сенбі, 23 Қараша 2024
2001 4 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 14:59

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл өсті

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл мөлшері 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылмақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына қайтарған жауабында жазды.

Бұған дейін Сенат депуттартары Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша заң баптарын барынша қатайтуды, белгіленген айыппұл мөлшерін екі есе көбейтуді және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды талап еткен болатын.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабында көзделген жауапкершілікті қатаңдатуды, соның ішінде ең жоғары айыппұлды 2 000-нан 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімін 600-ден 900 сағатқа дейін ұлғайту бойынша түзетулерді мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр», - делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.

2022 жылдың 1 сәуірінен еліміздегі 1 АЕК - 3 180 теңге екенін ескерсек, алдағы уақытта мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9 540 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510