Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
3193 1 пікір 17 Тамыз, 2022 сағат 14:09

Ұлттық қарсыласу майданы: 40 тәліп тұтқындалды

Ауғанстанда тәліптерға қарсы соғысып жатқан  Ұлттық қарсыласу майданы (FANR) Панджшерде "Талибан" қозғалысының ондаған мүшесін тұтқынға алғанын мәлімдеді. Тәліптер болса, мұны негізсіз деп санайды. 

15 тамызда Ауғанстандағы Ұлттық қарсыласу майданының Фейсбук парақшасына тәліптермен соғыс кезінде 5 тәліп қайтыс болды, көбі жараланды деп жазған. Ұйымның баспасөз хатшысы Сибгатулла Ахмади Твиттерге 40 тәліптің ұсталғанын мәлімдеді.

Алайда қазір тәліптер бақылайтын "Бохтар" мемлекеттік агенттігі бұл мәліметті теріске шығарды.

Ахмад Масуд жетекшілік ететін Ұлттық қарсыласу майданы Панджшер аймағында бір жылдан бері тәліптермен соғысып жатыр. "Талибан" қозғалысы былтыр 15 тамызда Ауғанстан үкіметін басып алған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1428
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2997
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1074
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1003