Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3186 0 пікір 13 Желтоқсан, 2012 сағат 08:31

Қайырбек Шағыр. Рухани бомба баяу жарылады

«Кітаптан басқаның бәрі дәрменсіз». Мұны айтқан А.П. Чехов екен. Ендеше, кітаптың орнын теледидардың тартып алғаны қалай? Біржола тартып алды ма? Кәне, үйіңізде теледидар жоқ деп елестетіп көріңізші. Жыланның арбауынан құтылған торғайдай, жан-жағыңызға көз сала бастайсыз. Сөредегі кітаптарға (егер үйде кітап бар болса) көзіңіз түседі. Барлық данышпандарға тән қасиетпен олар да еш ренішін байқатпай, «бізді ұмытып кеттің-ау, амал не» дегендей үнсіз тұнжырайды. Ішіңіз пысқан соң, қолыңызға сол кітаптардың бірін алып, парақтай бастайсыз, яғни кітап оқуға көшесіз. Демек, кітаптың басты жауы теледидар болып шықты ғой. Тағы да бір ұлы жазушының сөзіне жүгінейік. «Кітап атаулыны дос ете бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент (зиялы) бола бастадым деп санауына болады» депті М.Әуезов. Теледидар олай емес, әйтпесе, ауылдағы теледидардың алдында отырып, алыстағы да, ғарыштағы да арналарды түр-түрімен көретін, сериалдың бірде-біреуін жібермейтін ата-әже, аға-жеңгелердің докторлық қорғайтын уақыты болды емес пе? Кітап пен теледидардың айырмашылығы осында жатса керек. Теледидардан жаңалықты, қызықтыны білуге болар, шынайы білім алуға болады дегенге сену қиын. Бірақ, кітаптың да түр-түрі болады.

«Кітаптан басқаның бәрі дәрменсіз». Мұны айтқан А.П. Чехов екен. Ендеше, кітаптың орнын теледидардың тартып алғаны қалай? Біржола тартып алды ма? Кәне, үйіңізде теледидар жоқ деп елестетіп көріңізші. Жыланның арбауынан құтылған торғайдай, жан-жағыңызға көз сала бастайсыз. Сөредегі кітаптарға (егер үйде кітап бар болса) көзіңіз түседі. Барлық данышпандарға тән қасиетпен олар да еш ренішін байқатпай, «бізді ұмытып кеттің-ау, амал не» дегендей үнсіз тұнжырайды. Ішіңіз пысқан соң, қолыңызға сол кітаптардың бірін алып, парақтай бастайсыз, яғни кітап оқуға көшесіз. Демек, кітаптың басты жауы теледидар болып шықты ғой. Тағы да бір ұлы жазушының сөзіне жүгінейік. «Кітап атаулыны дос ете бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент (зиялы) бола бастадым деп санауына болады» депті М.Әуезов. Теледидар олай емес, әйтпесе, ауылдағы теледидардың алдында отырып, алыстағы да, ғарыштағы да арналарды түр-түрімен көретін, сериалдың бірде-біреуін жібермейтін ата-әже, аға-жеңгелердің докторлық қорғайтын уақыты болды емес пе? Кітап пен теледидардың айырмашылығы осында жатса керек. Теледидардан жаңалықты, қызықтыны білуге болар, шынайы білім алуға болады дегенге сену қиын. Бірақ, кітаптың да түр-түрі болады. айталық, үйіңіздегі кітап сөреңізді түріктің, кәрістің, бразилияның, американың беймәлім жазушыларының кірпіштей-кірпіштей көп томдықтары басып кетті делік, барлығы дерлік орыс тілінде. Қазақ жазушыларының, әлемдік классиканың асыл туындылары емге жоқ. сонда не істейсіз? Әлгілерді оқыған сіз, сіздің балаңыз қазақ болып шыға ма, басқа бола ма? Қазіргі теледидардың жай-күйі де осындай болып тұр. Тіпті, осыдан он бес жыл бұрын жазушы Ш.Мұртаза «Камалға хатында»: «Жас сәбидің бойына ұлттық қасиет анасының сүтімен, тілімен кіреді. Ал, оның күндіз-түні көргені батыстың баяғыда жеріген тастандысы» деп жазған болатын. Жағдайдың содан бері өзгергені шамалы. Сол он бес жылда, баяу жарылатын рухани бомбаның қауіп-қатері ұлғая түсті. Рухани бомба дегеніміз, жас ұрпаққа теледидар арқылы сырттан таңылған жат мәдениет, көргенсіз қылықтар, ойсыздыққа, ұлтсыздыққа жетелейтін арзан хабарлар. Кешегі Кеңес Одағы капиталистік дүниенің саясатын елге жеткізбеу үшін радио-эфирге қалай бақылау орнатқанын, қаржыны аямай жұмсағанын естуші едік. Дәл сондай тас қамал орнатпасақ та, жақсы мен жаманды ажырататын шаққа жетті емес пе еліміз. Ақпараттық соғыста оқ атылмағанымен, бәрі де майдандағыдай. Жау саған жүз мың әскермен келе жатса, жүз елу мыңды қарсы қой. Сан жетпесе, сапаны күшейт. Сол сияқты, шетелдің сериалына ұлттық сериалмен, хабарына ұлттық хабармен жауап беріп, таразы басын өзімізге қисайтудан танбасақ жақсы болар еді. Сендерде Шрэк болса, бізде Көлтауысар, сендерде Өрмекші-адам болса, бізде Желаяқ, Аватар, Наруто болса, бізде Тазша бала бар деп, сәбилерді ұлттық сипаттағы жаңа фильмдермен, мультфильмдермен қуантудан жалықпайық. Таяуда ашылған «Балапан» арнасы осы міндетті атқара алса, нұр үстіне нұр. Тағы да шетелдің «тастандыларын» аударудан көз ашпай, әләуләйға басса, өкінішті болмақ.

Қазақ тіліндегі хабарлар рейтингі төмен деген бір желеу бар. Ақтамайды дегені болар. Жүз пайыз зиянды екені белгілі болса да, ақша жақсы түседі деп арақ пен темекіні сату тыйылмай тұрғаны сияқты, ақтайды екен деп зиянды хабарлармен ұрпақ санасын улау да тыйылмай тұр. Ақтаса, ақша түссе, ол жеке меншік иесінің ғана мүддесі. Таразының екінші басында ұлт, мемлекет мүддесі тұр ғой. Қазақ тіліндегі хабарлардың өзінің сапасы жеке бір әңгімеге арқау боларлықтай. Теледидардан көрсетілетін әзіл-сықақ қойылымдарында әртістер неге орысша-қазақшаны араластырып сөйлейді? Белгілі бір сөздің қазақша баламасын айтсам, көрермен түсінбей қалады, күлмей қояды деп ойлайды. Көшеде де солай. Бұл өз алдына бір фобияға айналып кеткен. ал егер әлдебір хабарда «жұлдызбен» сұхбат бола қалса, көбі өздерінің кітап оқымайтынын, мектепте бұзық болғанын мақтан етіп айтады. тілді де бұзып сөйлейді. Сондайларды шын «жұлдыз» деп қабылдайтын жас балалар қандай өнеге алмақ?

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583