Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 19352 0 пікір 13 Желтоқсан, 2012 сағат 08:45

Нұрбек Пұсырманов. Жастар мәселесі: қиындықтар мен қауіптер

Қай кезді алып қарасаң да қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Демек, бүгінгі күн де, ертең де, болашақта жастардың қолында.

Елбасының еңбекке жиырма қадамы да жастарды еңбекке шақыруға арналғанды. Дегенмен,  кейбір жұмыс орындарында жастарды кемсітуге жол беруі жастардың алаң айналасына, я болмаса адасуға итермелейтіні де шыңдық. Қорыққаннан адам өлтіреді деген сөз осыған саяды.

Жастар деген кім? Оларға қандай миссия жүктеледі. Бүгінгі заманның жастары қандай болмақ?

Еңбек адамының бейнесін жасауға тырысып жатқанда бүгінгі жастардың бейнесін білмей жас террористің бейнесін жасап тастағанымыз қалай? Осы тұрғыда бір жақты емес, мәселеге жан-жақты қараған дұрыс сияқты.

Қай кезді алып қарасаң да қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Демек, бүгінгі күн де, ертең де, болашақта жастардың қолында.

Елбасының еңбекке жиырма қадамы да жастарды еңбекке шақыруға арналғанды. Дегенмен,  кейбір жұмыс орындарында жастарды кемсітуге жол беруі жастардың алаң айналасына, я болмаса адасуға итермелейтіні де шыңдық. Қорыққаннан адам өлтіреді деген сөз осыған саяды.

Жастар деген кім? Оларға қандай миссия жүктеледі. Бүгінгі заманның жастары қандай болмақ?

Еңбек адамының бейнесін жасауға тырысып жатқанда бүгінгі жастардың бейнесін білмей жас террористің бейнесін жасап тастағанымыз қалай? Осы тұрғыда бір жақты емес, мәселеге жан-жақты қараған дұрыс сияқты.

Мемлекет - жастарға барлық мәселеде қолдау білдіріп, мүмкіндіктер жасауда. Білім жүйесінде де гранттардың саны артқаны, шетелде оқуға жастардың қолжетімділігі, яғни қайда барып білім аламын, тәжірибе жинақтаймын десенде бәрі өзіне байланысты екендігі белгілі. Жастар ұйымдары мен құрылымдары да қызмет етуде. Оқы, ойындағы сәтті идеяларынды іске асыр. Қанша жерден еліне көңілін толмаса да, Қазақстандай елді ешқайдан іздеп таппайсың. Кезінде Ғ.Мүсірепов «өз туған еліннен артық ел де, жерде жоқ»,-деп басып айтқан. Бірақ келеңсіз жайлар қайдан шығуда бәрі дұрыс еді деу тағы да дұрыс болмас. Үлкен, қажетті мәселелер тек қағаз жүзінде қалып, шынайы келбетін таппауының өзі ірі олқылық.

Уақыт сызығы жылжыған сайын жауаптар ғана емес, қойылар сұрақтар да ескіріп, қажетсізге айналады. Бүгін былай еді, ертең неге өзгеше болды деп шүйлігуге болмайды. Сондықтан үнемі жаңаруды қажет ететін мәселінің ең бастысы - жастар. Үнемі құрамы да өзгеріп отырады. Бүгінгі он үш жасар жас жеткіншек келер жылы жастар қатарына қосылады. Ал оларды бейімдеу мәселесі тіптен жолға қойылмаған.

Жаңа заманның жастарының жаңа талаптарын елемеу уақыт ағымын ескермегенмен бірдей. Бұдан шығар қорытынды жастар арасындағы мәселелерді жіті қарасақ, төмендегідей мәселелерді тізімдеуге болады. Бұл жерде біз нақты статистикалық, я болмаса шетел тәжірибесімен салыстыру жүргізуді басты мақсат етпедік, өйткені өзімізде барды бағалай алуымыз, өзімізде жоқты жамай алуымыз қажет. Ең бастысы жастарымыздың ұлы дала рухына сусындап тік өсуін қаладық.

Мемлекеттік саясат тарапынандағы басты олқылықтар:

  • Жастар функциясы нақты анықталмаған және бір жүйеге қойылмаған.
  • Мемлекеттік идеологияның жастарды толық қамти алмауы.
  • Ақпараттық қауіпсіздіктің өте әлсіздігі.
  • Ауыл мен қаланың байланысының нашарлығы, облыс әкімі, министрлердің тіптен ауылдарға бармауы ауыл жастарының санасына соққы болып тиеді және көптеген мәселеде шет қалуы.

Еліміздегі жастарды тәрбиелеудегі мынадай кемшіліктерді атап өтуге болады:

Ø  Білім беруде, тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы;

Ø  Жаңа әлем ескі сана мен жаңа сана тоғысында. Бұл тұста тарихи сананы көтеруіміз қажет;

Ø  Жастар арасында қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым конференция, дөңгелек үстел, кітапхана мәдениеті жеткілікті хатталып жазылмаған;

Ø  Жастармен биліктің санаспауы, диалог құра алмауы;

Ø  Жастарды тартуда қоғам жарқындылығының әсер ете алмауы;

Жастардың түрлі ағымдардың сонында кетуіндегі басты себептер:

-  Ата-ананың баласымен ой бөліспеуі, көңілдерін аудармауы;

- Өткен өміріндегі кемшіліктер мен күйзелістер;

- Жастар психологиясының тұрақсыздығы;

- Сыни ойлаудың, өзіндік ой қорыту, талдаудың жоқтығы;

- Қоғамда өз орның таба және бейімделе алмауы;

- Әдемі мен әділдің ара салмағын аңғармауы;

- Білім және діни сауатының төмендігі;

- Тұрмыс деңгейінің төмендігі;

- Бос уақыттарының көптігі;

- Құндылықтардың тез өзгеруі.

Жастар арасындағы өткір мәселелер:

§  Криминалды топтарға жастардың қызығушылығы;

§  Еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілетінің елеңбеуі және шеттетілуі, жұмыссыздықтың белең алуы;

§  Мәдени орындар мен спорт кешендерінің қол жетімді болмауы;

§  Маскүнемдік, нашақорлық кең етек алуы;

Осы аталған жағдайлардың барлығы экстремизмнің күш алуына көмектеседі.

Экстремизмнің қоғамда таралудың басты себептері:

§  Әлеуметтік - экономикалық дағдарыс;

§  Өмір сүру деңгейінің қиындай түсуі;

§  Билік өкілдеріне көңілі толмаушылық;

§  Жоғарғы биліктің нақты шынайы ақпаратпен қамтылмауы; Статистикалық мәліметтердің бұрмалануы; шиеленісті мәселеге көз жұма қарау;

§  Жастар бойындағы ұлттық ашу, олардың мүдделерін елемеу;

Жаһандануда жаңғыра алып өз ұпайымызды еселеп, өзіміздің ұлттық құндылықтамызды жоғалтып емес, қайта паш ете алуымыз қажет. Жоғарыда аталып өткен мәселелерге жіті қарамасақ, биліктің өз алдына, ал жұрттың байланыссыз әйтеуір тіршілік етіп өмір сүріп жатқандығы айқындала түседі.

Дәл қазіргі ең басты қауіп ол жастар арасында дінді бетпердеге айналдыру мәселесі, әсіресе, РR технологияда да көрініс табуда. Осыны тез арада реттеу аса маңызды. Ел болған соң елдігімізді айқындап, ұлттық болмысымызды сақтауымыз керек. Жас мемлекетімізге сыннан көрі, қазір ұсыныстар айту аса маңызды. Осы негізде экстремизмнің алдын-алу барысында мынадай ұсыныстарға тоқталсақ:

1. Арнайы, ғаламторлардағы желідегі пікірмен санасып, қанағаттанарлықтай жауап беретін тұрақты топ, бөлім құру. Оған кәсіби психолог, кәсіби педагог, кәсіби әлеуметтанушы, кәсіби дінтанушы, кәсіби теолог, т.б. мамандар тартылуы керек.

2. Желілік маркетингті (сетевой маркетинг) жүйелі қадағалау және қайырымдылық және қоғамдық қорларды, сауықтыру орталықтарын қатаң бақылауға алу.

3. Экстремизм, терроризмге қарсы бағытталған жарнамаларды кеңінен тарату және тиісті орындарға орналастыру.

4. Ұсақ қақтығыстарды уақытылы реттеу, созылмалы диалогтан қашу.

Мемлекет адамдар алдындағы өз міндетін, адамдар мемлекет алдындағы өз міндеттерін, парыздарын білуі және ұмытпауы тиіс. Бүгінде қауіп жоқ болса - жұмыс жоқ, - деген қағидаға нүкте қоюымыз өзекті болып тұр. Әр құрылым өз ісін жетік біліп, кәсіби мамандарын қалыптастыруы шарт.

Елімізге Тыныштық тілесең тыныш жүр. Ел дамуын ойласаң үлесінді қоса жүр дегендей қағидалар ауадай қажет. Ойымызды түйіндей келе, Шәкәрімнің мынадай ұлы сөзі бар: «шын ғылыммен таппаған дін шын дін емес жындылық»,-демекші әуелі ғылыммен сусындамай, мұрынына білімнің иісі бармай дінді білу, тану болмайтын іс.

Бүгінгі жастардың бейнесі бәсекеге қабілетті, жарқын жүзді, білімге құштар, ар-намысы мен рухы биік, тарихына таныммен, құрметпен қарайтын, еліне жаны ашитын адамгершілігі мол жан болуы тиіс. Ал жастар арасында ер балалардың қыз мінезді болып қалыптасуында оқу буындарында ер мұғалімдердің азаюынан деген пікірдің де жаны бар секілді. Оған да көңіл бөлу өзекті.

Мына жайттың әлі де болса жастар бойында сақталуы көптеген мәселені шектеуде. Ол - құлдық психология. Үлкенге кұрмет, кішіге ізет қылсаң ешқашан кемімейсің, ал кейбір жастарымыз жалпақтаумен, біреулері жастар атынан сөз алып трибунаны сәтті пайдалана алмауы азу ызаны арттыруда. Жастар ұйымдарына да мүше жастар неге өзін өзге жастардан жоғары ұстап, шенеунік ретінде көрсетуге тырысады. Бұл да құлдық психологияның белгісі. Сондықтан ер мінезді жастардың еңсесін түсірмей жастардың талаптарын қоя алу аса жауапты және құлдық психологиядан жастарды тазарту кезек күттірмейтін нысанада болатын нақты мәселе. Бұдан шығар қорытынды жастарға қолжетімді істер жасай отырып, оларды елін сүю мен құрметтеуге үйрету. Бұдан мемлекет де жастар да жапа шекпейді. Алаштың аманатын арқалап, асыл мұратты жүзеге асыратын, елін қорғап, елдігімізді арттыратын жастар қандай болмақ, осы тұрғыда ойланайықшы...

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583