Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3774 0 пікір 14 Желтоқсан, 2012 сағат 08:18

Досқали Нұрзада. Қазақ пен Әзербайжан – қадамдас халықтар

ТМД елдері ішіндегі тағдырлас түркі халықтарының арасында өзара қатар дамып әрі ықпалдаса отырып, жалпытүркілік мүдделерде тізе қоса әрекеттесіп келе жатқан екі ел турасында тоқталудың реті келіп тұр. Ол елдер - Қазақстан мен Әзербайжан.Оның үстіне бұлелдер арасындағы дипломатиялық араластыққа 20 жыл толды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың тамызында басталды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы қыркүйек айындағы Әзербайжанға, ал Әзербайжанның бұрынғы Президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің 1997 жылдың маусымында Қазақстанға келген сапарынан кейін екі елдің қарым-қатынасы жаңа сипатта,бұрынғы кеңес өкіметі тұсындағы республикааралық қатынас мемлекетаралық деңгейде өрістей бастаған. Әрине, мемлекетаралық қатынастар ең әуелі саяси-экономикалық тұрғыда көрініс беретіні рас. Әзербайжан геосаяси және мұнай-газ саласындағы әріптестік тұрғысынан алғанда Қазақстан үшін маңызды орын алады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мұнайды әлемдік базарға тасымалдау секілді бірқатар стратегиялық мәселелерді шешу жолында Қазақстан мен Әзербайжан саяси қатынаста болуға мүдделі. Бүгінде екі ел арасындағы қатынастарды реттейтін 70-ке тарта құқықтық құжат өз құзырында. Десек те, бұл жолы біз мемлекетаралық қарым-қатынастан гөрі қазақ-әзербайжан халықтарының өзара рухани-мәдени жуықтастығын сөз етейік.

ТМД елдері ішіндегі тағдырлас түркі халықтарының арасында өзара қатар дамып әрі ықпалдаса отырып, жалпытүркілік мүдделерде тізе қоса әрекеттесіп келе жатқан екі ел турасында тоқталудың реті келіп тұр. Ол елдер - Қазақстан мен Әзербайжан.Оның үстіне бұлелдер арасындағы дипломатиялық араластыққа 20 жыл толды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың тамызында басталды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы қыркүйек айындағы Әзербайжанға, ал Әзербайжанның бұрынғы Президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің 1997 жылдың маусымында Қазақстанға келген сапарынан кейін екі елдің қарым-қатынасы жаңа сипатта,бұрынғы кеңес өкіметі тұсындағы республикааралық қатынас мемлекетаралық деңгейде өрістей бастаған. Әрине, мемлекетаралық қатынастар ең әуелі саяси-экономикалық тұрғыда көрініс беретіні рас. Әзербайжан геосаяси және мұнай-газ саласындағы әріптестік тұрғысынан алғанда Қазақстан үшін маңызды орын алады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мұнайды әлемдік базарға тасымалдау секілді бірқатар стратегиялық мәселелерді шешу жолында Қазақстан мен Әзербайжан саяси қатынаста болуға мүдделі. Бүгінде екі ел арасындағы қатынастарды реттейтін 70-ке тарта құқықтық құжат өз құзырында. Десек те, бұл жолы біз мемлекетаралық қарым-қатынастан гөрі қазақ-әзербайжан халықтарының өзара рухани-мәдени жуықтастығын сөз етейік.

Саяси жұптастық

Тәуелсіз Қазақстанды басқаруды қолға алған Нұрсұлтан Назарбаев пен егемендік алу қарсаңында сарсаң уақытты өткерген Әзірбайжанның басына келген Гейдар Әлиевтің мойындарына артылған жүк шамалас болатын. Демографиялық, әлеуметтік, саяси жағынан барынша тәуелді қалыптағы Қазақстан егемендік декларациясын КСРО республикаларының ішінде ең соңынан  жариялаған соң, екі айдан кейін ғана өзінің жеке мемлекет болу ниетін Тәуелсіздік туралы заң қабылдаумен ғана бекіте алған еді. Ал, тәуелсіздену жағдайы барынша мол болғанымен, өзінің ішкі-сыртқы ахуалын барынша ақсатып алған Әзербайжан Таулы Қарабақ соғысына тап болып, Армениямен арадағы соғыс кесірінен біршама аумағынан айрылып,егемен болар елдің сағы  сынған кезең болатын. Қазақстанда да ішкі-тысқы алакөз күштер елдің сол тұсындағы алып аймақты Ресейге қосуға құштар болып, идеологиялық басқын боранын үдеткен тұста ұлттың тағдыры мен мүддесін қолға алған Н.Назарбаев өзінің жеке мемлекет билеуді былай қойғанда, Әлиевке қарағанда, республика басқаруда толық тәжірибе жинап үлгермесе де, барынша ұстамды да байсалды, тыңғылықты саяси қадамдармен көзге түсіп, лидерлік қабылеттерін шыңдай түсті. Міне, осы кезеңде Әзербайжан халқы да әрі-сәрі болған кезеңде қызыл империяны басқаруға қатысқан тәжірибелі де қабылетті мемлекеттік ірі қайреткерлік деңгейге көтерілген Гейдар Әлиев те басшылық орынға қайта жайғасқан еді. Бұл екі елбасшыға да бірдей сын мен міндет жүктелген уақыт болатын.

Аталған кезең бірі елуге енді аяқ басқан, алғыр да жігерлі, екіншісі кемеліне келген, талай құқайды бастан кешкен тәжірибелі саясаткер ретінде, қазақ пен әзербайжанның қос басшысы ел басына күш түскен қиын дәуірге тап келсе де, халықтарын азғындыққа ұрындырмай, аман алып шықты. Онысымен бірге екеуі де елдерінің алғысы мен абыройына бірдей бөленді. Кеңес өкіметі тұсында биліктің ұшар басында болса да, адамдық абырой мен даңққа Гейдар Әлиев өз халқын дербес мемлекет дәрежесіне көтерген еңбегінің жемісінен көрді. Дүрбелең мен сүргіннен аман алып шыққан ұлын әзербайжан халқы аялады,оның қалауынан бас тартпады - Г.Әлиев ұлтын сеніп тапсыру үшін өз орнына  тек қана өз ұлын таңдады.

Қа­зақстан-Әзербайжан арасын­дағы ынтымақтастық Нұрсұлтан-Гейдар саяси жұптастығы тұсында сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Гейдар Әлиев көзі тірісінде Нұрсұлтан Назарбаевқа інісіндей қарап, іш тартты.Енді сол қатынас Н.Назарбаев пен бүгінде Илхам Әлиевтің арасына сіңісуде. Қос ел басшыларының жайма-шуақ бұл қатынасы түркілік таным мен тәрбиеден бастау алатыны барынша байқалады. Әзербайжанның жас басшысы  Қазақстан тарапынан жасалған сыртқы саяси бастамалардың бәрін де қолдаумен келеді. Әзербайжан Қазақстанның ЕҚЫҰ-а төрағалық ету кандида­ту­расына 2008 жылы-ақ қолдау білдірген. Әзер ағайындар тарабы біздің еліміздің басқа да халықаралық дең­гейдегі көтерген бастамаларын үнемі қолдап келеді. Аймақтық саясатта да Әзербайжан мен Қазақстанның бағыттастығы Каспи теңізінің мәртебесін анықтаудағы ұстанымдарының бірдейлігін көрсетіп отыр.

Түркілік мүдделестік

Аталмыш ұстаным жалпытүркілік бірлік саласын да қамтуда. 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыванда өткен Түркiтiлдес мемлекеттер басшыларының IХ саммиті жал­пы­түркілік интеграцияның жаңа ке­зеңінің өзіндік бір өршіткісі мен бастауына  айналды. Саммиттің қорытындылары бойынша Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркияның Президенттерi та­рихи маңызы зор құжат­тарға, Нахчыван Декларациясы мен Түркiтiлдес мемлекеттер ын­ты­мақтастық кеңесін құру туралы Нах­чыван келісіміне қол қойды. Аталмыш бастамалар Қазақстан басшылығы тарапынан жасалса да, оны қолдау мен жүзеге асыруға атсалысуда Әзербайжан жағы мейлінші қолдау көрсетті. Нәтижесінде Түркі Кеңесі құрылып, оның тұңғыш басшылығын қолға алған Қазақстан бұл органды жалпытүркілік кірігу үдерісін үйлестіретін тетікке айналдыруға ұмтылды. Аталмыш Кеңес қазірде Бакуде орналасқан Парламенттiк ассамблея жұмысын, Түркиядағы Ақсақалдар кеңесін, Университеттер одағы мен ТҮРКСОЙ ұйымдарының қызметтерін үйлестіруде. Келесі жылдан бастап халықаралық мәртебемен жұмыс істейтін Түркі академиясы мен қазақстандық «Мәдени мұра» бағдарламасының түркілік жалғасы іспетті құрылмақшы Түркі мәдениетi мен мұрасының қорының жұмыстары да осы Түркі кеңесінің қарауында болмақ.

Жалпытүркілік интеграциялық үдерісте тәуелденбеген Түркияны қоспағанда, түркі мемлекеттерінің ішінде Қазақстан мен Әзербайжан қоян-қолтық қатарласа әрекеттесуде:  кеңес дәуірінде түркітану саласының Мәскеуден кейінгі орталығы Әзірбайжанда қалыптасып дамыса, қазір бұл эстафетаны Қазақстан жағы Түркі академиясын құрып, жүйелі түрде қолға алуда; ал келесі жылы түркілердің мәдени мұрасы мен құндылықтарын зерттеу мен насихаттауды қолға алатын Түркі мәдениетi мен мұрасының қоры Бакуде орналасатын болады.

Қазақ пен әзербайжанның түркілік мүдделестікке тізе қоса ұмтылуы өткен ғасырдың басынан басталады. 1926 жылғы Бакуде болған тұңғыш түркітану конгресінде ортақ терминология турасында сөйлеген Ахмет Байтұрсынұлының жоспары кейіннен кеңестік түркология орталығын қалыптастырған Әзербайжанда біршама қолға алынғаны бар. Бүгінде Түркі кеңесінің жанынан құрылған Ортақ терминология комитеті енді бұл істі нақты қолға ала бастады.

Тарихи тамырластық

Қазақ-Әзербайжан туыстығын қарастырғанда тарихи тамырластықтан аттай алмаймыз. Түркітану ғылымы бойынша қазақтар қыпшақтілді, ал әзербайжандар оғызтілді болып жіктеледі. Алайда, қазақтың құрамында да ежелгі оғыз рулары бар, әзер бауырлардың қанында да қыпшақ қаны тулап жүр. Тарихқа жүгінсек, оғыз мемлекеті  Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда  Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасқан. Оғыздардың алғашқы отаны  Жетісу болғандығына да тарихи айғақтар бар. Алайда ҮІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде патриархал-феодалдық  мемлекет құрылады. М. Қашқари атамыз оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады. Демек, оғыздар бір кездегі түркітекті қағанат құрған халықтардың бірі болғаны.Сондықтан да мұндай ірі мемлекеттік субъект бола білген үлкен халық бөлшектене келе бүгінгі түркі халықтарының құрамына сіңгендігінде сөз жоқ.

Оғыздардың бас қаласы Сырдың бойындағы Жент қаласы екендігі сөз болып, оның ізделгеніне біршама уақыт болды. Ресейлік ғалым Сергей Толстовтың 1946 жылы Жент қаласының жұрты деп топшыланған орынды қазақ археологтары жоққа шығарып, Қазалы ауданының Өркендеу ауылының маңынан  оғыздар астанасының жұртын тапқандығына сенімді. Онда табылған күміс,жез тиындарда Жент қаласының атауы жазылыпты.

Тарих барысында ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған  қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан  селжұқтарының қол астына кірсе,  қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып,  олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікпен, өзбек,  қарақалпақ халықтарын түзуге қатысқан түркілер еді.

Осы айтылғандардың бұлтартпас айғағы ретінде әзербайжандар оғыздың белгілі тарихи тұлғасы Қорқытты пір тұтады, оны ерекше  қадырлейді.Ал қазақтар оның бейітін Сыр бойында деп ұйғарып, сәулеттік ескерткіш те орнатты.Және де бүгінгі қобыз аспабының авторы Қорқыт екеніне сенімді. Жуырда Әзербайжанға жиі баратын Түркі академиясы президентінің вице-президенті Асқар Омаров қобыздың түпкі тегі болатындай аспапқа жолығыпты. Әзербайжандар оны өзінің қобызтектес киаманча аспабының арғы тегі дейді, бірақ шанаққа қойдың қарны керілген аспап қобызға барынша жуық көрінеді. Қалай болғанда да қос халықтың біріндегі жоқты екіншісінен табатындай тарихи араластықтың тығыз екендігі айдай анық.

 

Әзербайжандық «қазақ хандығы»

 

Бүгінде кейбір тарихшылар Қазақ хандығының екі түрі болғандығын, бірі - қазақ жеріндегі Үлкен Қазақ хандығы да, одан тыс тағы да Кіші Қазақ хандығының болғандығын келтіріп жүр. Ал, Әзербайжанның құрамындағы Қазақ ауданы кейбір карталарда  «Қазақ ханлығы» түрінде жазылғандығы да жасырын емес. Бұл аудан турасында қарабайыр түрде біршама айтылып та, жазылып та жүр, алайда, әлі тыңғылықты зерттеу басталған жоқ. Әзербайжан ғалымдарының айтуынша, Қазақ ауданына қарасты тұтас даланың бір бөлігі Армения құрамында, енді бір бөлшегі Грузияның тау бөктері көрінеді. Бұл мәлімет расталса, шынында да, Дешті Қыпшақтың бір сынығы бертінге дейін Кіші Қазақ хандығы түрінде жасағанына күмән жоқ.

Әзербайжандар мұсылман шииттер бола тұра, Қазақ ауданының тұрғындары негізінен сунниттер екені тағы да назарды еріксіз аудартады.Олардың әзербайжандық хинкал асы қазақы ет тағамына барынша жуық көрінеді. Әрине, бірнеше ғасырларды көктей өткен тамырластық пен туыстық қат-қабат өрілген дәйектерден ажырағысыз. Әзерлердегі «айран» аталатын сусын қазақтың шалабынан аумайды. Ал, апыл-тапыл басқан баланы «тәй-тәй» сөздерін  қайталай отырып, екі жағынан жетектейтіні бар. Бұл ғұрып пен «тәй-тәй» сөзі түркі халықтарында тек қана қазақ пен әзербайжанда сақталыпты.Елдің ең шалғайында орналасқан Қазақ ауданында тоқылатын кілемдерде қазақтың қошқар мүйіз оюы тән екені этнографтардың назарын аударып  әрі оларды таң қалдыруда.

Бүгінгі бауырластық

Бүгінгі бауырластықты айтқанда кешегі туыстықты назарға алмау мүмкін емес. Патшалы Ресейдің 1-думасына сайланып, мұсылман фракциясына кірген депутаттардың негізінен түркілер екенін ескерсек, Орта Азия түркілерінен тек қана қазақтар бар еді, ал Қап тауының мұсылмандарын әзербайжандар құрады.Әзербайжанды егемен етуге ұмтылған Мусават (Теңдік) партиясы мен қазақтың Алаш партиясы бір мезгілде үкімет құрып, мемлекет құруды бірге қолға алғанында да әлдебір сабақтастық жатыр.

Алайда, әлі күнге олардың өзара байланысы зерттеле қойған жоқ. Мәселен, Мұстапа Шоқай қызылдар қуғынынан Астраханнан Бакуге барар жолда ондағы жағдайдың күрт өзгергендігінен амалсыз, Тифлиске бұрылуына мәжбүр болған деседі. Сонда ол әзербайжандық бауырларды сағалауға ойы болғаны анық.

Әзерлердің саз аспабына қосылып айтылатын жыры қазақтың термесінен аумайтыны тағы бар. Бұған қазақ термесінің отаны Сыр сүлейлері екенін ескерсек, тағы да оғыздық ортақ тағдыр қылаң береді. Ал енді, бар қазақ алғысты «рахмет» сөзімен жаудырса, Каспидің екі жағындағы қазақ пен әзербайжанның «рахметі» бірдей: «Саг олун!» - «Сау бол!»

Әзербайжандардың қазақтың белгілі ақыны, этнолингвист Олжас Сүлейменовке деген құрметі ерекше. 1975 жылы О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы қуғындалғанда, айтулы сол кітаптың бір данасын бір Жигули көлігіне айырбастаған әзірбайжандар болыпты. Әрине, бұл жайт әзерлердің түркі тарихына деген ерекше көзқарасын танытады.

Екі халықтың тағдырластығы тәуелсіздік алу қарсаңында да мистика аралас дәйекке толы.  КСРОның сетінеуі қазақ жерінде 1986 жылғы желтоқсандағы Алматы оқиғасында басталса, Бакуде орын алған 1990 жылғы қанды қаңтар оқиғамен аяқталып, КСРО мемлекет ретінде ыдырай бастады және осы оқиғалар түркі мемлекеттерінің егемендігін алуға толық алғышарт жасады деуге болады.

Екі елдің Тәуелсіздігі қарсаңында бас қосқан мемлекет басшыларының кездесуінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл 20 жыл екі ел үшін бір жағынан күрделі болса, екінші жа­ғынан біздің ата-бабалары­мыз­дың арманы орындалды. Мен Қа­зақстан мен Әзербайжан осындай уақыт сынынан лайықты өтті деп санаймын. Әзербайжан біз үшін туыстас, дос ел, Кавказ өңіріндегі негізгі серіктесіміз болып та­бы­лады», - деп тағдырлас туыс елдердің жүріп өткен жиырма жылын өзімсіне қорытқан еді.

Әзірбайжан басшылығын қолға алғалы жас Илхам Әлиев Қазақстанға жыл сайын келіп кетуді  дәстүрге айналдырды. Екі елдің арасындағы басшылар жолы қазақ пен әзербайжан халқын ғасырларға қол ұстастырған, бауырластықты жалғай беретін берік жолға айналатын түрі бар. Себебі,  «Баку-Тбилиси-Карс» темір жол құ­рылысы аяқталғанда Азия мен Еуропаны жалғастыратын жаңа «Темір Жібек жолы» ашылатын болады. Бұны болашаққа қадамдасқан қос елдің қатар түскен қадамы дейік.

Баку

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570