Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2764 1 пікір 22 Тамыз, 2022 сағат 12:08

АҚШ Украинаға $775 млн қаражат әскери көмек береді

Пентагон өкілдері АҚШ Украинаға тағы жаңа әскери көмек пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Пакеттің жалпы құны 775 млн доллар. 

Украинаға жеткізілетін қару-жарақ арасында 105-миллиметрлік гаубица (16 дана), барлау мақсатында қолданылатын Scan Eagle дроны (15 дана), бронды техника, танкілерді жоятын Javelin жүйесі (1000 дана) мен оған қажет оқ-дәрілер бар.

Осылайша АҚШ-тың Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинаға берген көмегі 10,6 млрд долларға жетті.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне алты айға жуықтады. Қазір Ресей армиясы Донецк, Луганск, Херсон облысының бір бөлігі сонымен бірге Запорожьені басып алды. Әскери сарапшылар қазір майданда ұрыс бәсеңдегенін, шабуылға шығатындай екі жақта да дәрмен қалмағанын айтады.

Ресей билігі "қақтығысты ушықтырып жібереді" деп Батыстың Киевке қару-жарақ беруін сынаған. Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдері Украинаға шабуыл жасайтын қару-жарақтар жеткізсе, Ресей "арнайы операцияның географиялық міндеттерін" ұлғайтады деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1060
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2607
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 740
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 703