Сенбі, 23 Қараша 2024
1650 0 пікір 24 Тамыз, 2022 сағат 15:10

Душанбе Мәскеудің уәжіне жауап берді

Ресейдің қауіпсіздік қызметінің хатшысы Николай Патрушев Тәжікстанда АҚШ-тың қатысуымен өтіп жатқан "Аймақтық ынтымақтастық 2022" әскери жаттығуы аймаққа қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.

10-20 тамыз аралығында Душанбеде АҚШ әскерінің қатысуымен әскери жаттығу өткен. Оған Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Моңғолия әскерлері қатысқан.

Николай Патрушев АҚШ-тың Орталық Азияға әскери жаттығу өткізуінде, "әскери қимылының мүмкіндігін игеру, қаруды дәл көздеу үшін цифрлі карталарына өзгерістер енгізу мақсаты жатыр" деп мәлімдеді.

Патрушев бұл мәлімдемесін Ташкентте өткен ШЫҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік қызметі хатшыларының кездесуінде айтты. Оның бұл мәлімдемесін 23 тамызда ресейлік "Аргументы и факты" газеті жариялады.

Патрушев "Вашингтон Ауғанстанмен көрші елдермен антитеррористік операция жүргізу мақсатында уақытша инфрақұрылым жүргізуге талпынып жатыр" деді.

"ШЫҰ-ға мүше елдер америкалық бастаманың біздің қауіпсіздігімізге қандай қатер төндіріп тұрғанын ойланады деген үміттемін", - деген Патрушев.

Қандай "қауіп төндіріп тұрғанын" РФ Қауіпсіздік қызметі хатшысы айтпады. Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін, Мәскеу мен Вашингтон қатынасы бірден нашарлап кетті. АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетіп келеді.

Тәжікстанның Қауіпсіздік қызметінің хатшысы Насрулло Махмудзода ресейлік әріптесінің мәлімдемесіне пікірін білдірді.

"Патрушев мырза Ресеймен стратегиялық әріптестік өзгеріссіз қалады. Тәжікстан мен Ресейдің стратегиялық қарым-қатынасына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ол.

Ол Тәжікстан сыртқы саясатта ашық екенін, барлық елдермен, оның ішінде АҚШ және Еуропа елдерімен де конструктивті байланыс жүргізе беретінін жеткізді.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм 10 тамызда "Аймақтық ынтымақтастық 2022" әскери оқу жаттығуы АҚШ-тың Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдерімен қарым-қатынасты дамытуға әрі нығайтуға жақсы мүмкіндік" деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379