Экс-президент туралы фильм $7 млн доллорға түсірілген
Қазақстан Республикасының "Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры" экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді түсіруге $7 млн бөлген, деп хабарлайды PROTENGE телеграм арнасы.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры" Елбасы туралы фильмге $7 млн доллар төледі. 2021 жылы шыққан "Qazaq: Алтын адамның тарихы" фильмін Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жариялады", - делінген хабарламада.
Арна авторлары Назарбаевтың қорлары туралы қаңтар айында үлкен тергеу жүргізілгенін және қорлардың қайырымдылықтан басқа, миллиардтаған долларлық активтерді басқаратын функциясы барын атаған.
"Бұған дейін біз "Қазақмыстың" Назарбаев қорына 79, 4 млрд. теңге аударғанын айтқан болатынбыз... Айтпақшы, 2018-2020 жылдар аралығында "Қазақмыс" қаражатын тек қана "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры" жеке қорына аударды. Алайда, ол 2021 жылы жұмысын тоқтатқаннан кейін, оны басқа реципиенттер алмастырды, олар туралы ақпарат "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қорлары" деген бұлыңғыр тұжырымның артында жасырылды", - делінген хабарламада.
Abai.kz