Сенбі, 23 Қараша 2024
1640 1 пікір 24 Тамыз, 2022 сағат 16:17

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро қаражат алады

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро қаражат алу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Бүгін Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы өңірлік директоры Татьяна Проскурякова мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Covid-19 пандемиясынан кейін Қазақстан экономикасының тұрақты қалпына келуін қамтамасыз ету үшін 345,7 млн еуро сомасындағы қаражат туралы келісімге ресми түрде қол қойды", - делінген хабарламада.

Берешек соманы Дүниежүзілік Банктің Директорлар кеңесі 2021 жылғы желтоқсанда мақұлдады, ал тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылғы 2 шілдеде қол қойды.

Қаражат жеке сектордың экономикадағы рөлін нығайту және мемлекеттік аппараттың есептілігі мен ашықтығын арттыру арқылы жоғары және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген институционалдық және құрылымдық реформаларды қаржыландыруға бағытталған.

Қарызды өтеу мерзімі 11,5 жылды құрайды және қосымша 2,5 жыл жеңілдік кезеңі беріледі.

"Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына қосылған сәттен бастап соңғы 30 жыл ішінде елге ұсынылған қолдау көлемі қаржы мен әлеуметтік қызметтерден бастап аса маңызды инфрақұрылымға дейінгі түрлі бағыттарда $8,6 млрд – тан астам қаражат алған", - делінген хабарламада.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347