Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 3356 12 пікір 26 Тамыз, 2022 сағат 12:47

Мұхамедиұлы ісі: Келтірген шығын - 7 млрд теңге

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін әлі тергеп жатыр.

Агенттік Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да жауапты тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

Антикор мәліметінше, тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ, «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі болғанда туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілуде.

Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды. Арыстабек Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282