Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4646 0 пікір 21 Желтоқсан, 2012 сағат 11:23

Қуандық Шамахайұлы. Ақпараттың ашықтығы – билікке пайдалы

Ақпаратты  еркін  алу,  оны  ешбір  кедергісіз  тарату  мүмкіндік  жасалмайынша  демократия  туралы, баспасөз еркіндігі жайында әңгіме айтудың өзі артық. Осыдан оншақты жыл бұрын жапондар  ақпарат  алу  бостандығы  туралы  заң  қабылдаған.  Мұндай қажеттілік үкіметтік қызметтегілер  мемлекеттік  құпияны  желеу  етіп,  өз  істерін  халықтан  жасырғылары  келіп  тұратындығынан  туындаған көрінеді.  Ал,  АҚШ  журналистері  өздерінің  ақпарат  алу  мүдделеріне ешқашан «шаң жұқтырған» емес. Ақпарат тарату құқтары шектелген  жағдайда  дереу  сотқа  жүгінеді. Оның бәрінде БАҚ берген арыз қанағаттандырылып жеңіп шығады.  Күні  бүгінге  дейін  Америка  журналистикасының  тарихында  журналистер  арасында  шындықты  бұрмалаған,  өз  кәсібіне  опасыздық  жасаған  оқиға  сотта  қаралмаған.  Мемлекеттік  құпия,  баспасөз  туралы  жеке  заңдары  жоқ  алып  елдегі  бұл  жайттың өзі-ақ  журналистика  сынды  қоғамдық  институтқа  «төртінші  билік»  деген  атаудың  кездейсоқ  берілмегенін  аңғартады.

Ал, біздегі жағдайды өздеріңіз де жақсы білесіздер. ҚР «БАҚ туралы» заңы бола тұра және оны қадағалайтын құзырлы органның, арнайы аппараттардың көптігіне қарамастан шығармашылық одақтарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз этика кодексін қабылдап тастады. Егер журналистің жұмысы тек қана кәсіби этикалық нормалардың аясында үйлестірілетін болса, онда заңның қажеті қанша?

Бүгінгі таңда министр, әкім-қараларды айтпағанда кез келген ұйым, мекеменің күзетшінің өзі журналистерді есіктен қаратпай қоюға толық құқылы. Оны айтасыз, тіпті ресми түрде ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты мен брифингтің өзінде шынайы ақпарат алуға ұмтылып, сұрақ қойғаны үшін журналиске дүрсе қоя беретін анайы шенеуніктер бұрындары көп болған. Қазір олардың қатары сиресе де ақпарат беруден көпе-көрінеу қашқақтап, баспасөз қызметтеріне немесе ресми сайттарына сілтей салатындар екінің бірі. Ал, олардың тек жағымды имиджін ғана қалыптастыруға бар өнерін салатын PR ақпараттарынан халыққа қандай пайда бар?  Одан гөрі өз ісін бүге-шігесіне дейін білетін әр мекеменің бірінші басшысы журналистің қойған сұрағын халықты толғандырған маңызды мәселе деп танып, тікелей өзі жауап берсе, қанеки!

Өкінішке қарай әр сала бойынша толыққанды ақпаратқа журналист қол жеткізе алмай, халықтың көкейіндегі сауалдар жауапсыз қалған соң БАҚ шығарылымдарын жылмағай сұрғылт мадақтан тұратын тартымсыз туындылар жайлайды, бірін бірі қайталайды, жалпылама құрғақ уағыздар мен лепірме ұрандар қаптайды да кеңестік тоқырау кезіндегі Брежнев заманын еске түсіреді. Осылайша, «барымен базар» жасағаны  үшін ақпаратқа шөліркеген қоғам БАҚ пен журналистерді кінәлайды. Бұдан ұтылатын қоғам ғана емес. Ақпаратқа деген мұндай салғырттық пен  шалағайлық биліктің өзіне де абырой әпермейді. Себебі, әлеуметтік араздық пен наразылықты тудыратын ашық ақпарат емес, керісінше, томаға-тұйықтық пен биліктің халықтан алыстай түсуі болмақ. Билік пен бұқараны жақындатып өзара ынтымақтастыратын алтын көпір - БАҚ. Ал, қоғамда шын мәніндегі тұрақтылықты қалыптастыратын, әлеумет арасында буырқанып тұрған ашу-ыза мен наразылықты сабасына түсіріп, сабырға келтіретін құдіретті күш тек   журналистің тарататын шынайы да нақты ақпаратында ғана бар. Олай болса, БАҚ журналисіне шындықты еш  бүкпесіз жайып салудан қаймықпайтын шенеуніктер көбейген елде ғана қоғамдық әділеттік пен саяси тұрақтылық орнайды.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560