Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 3277 8 пікір 30 Тамыз, 2022 сағат 12:00

Украина қарсы шабуылға шықты

Украина соғысы қыза түсті. Анығы позициялық соғыс қалпынан шығып, белсенді шабуылдармен жалғасын тапты. 

Екі күн бұрын Украина президенті Зеленский құпия жағдайда жиын өткізді. Әскери саланың жілігін шағып, майын ішкен қолбасшылар жиналған жиында не айтылғаны белгісіз. Алайда құпия жағдайда өткенінің өзі талқыланған мәселенің аса ауқымды екенін көрсетеді және маңызды екенін айшықтайды. Жиында Украинаның қарсы шабуылға шығу мүмкіндігі айтылғаны анық. Көп ұзамай, 29 тамыз күні Украина әскері елдің оңтүстігінде бірнеше бағытта шабуылға шықты. Херсон және Запарожье облыстарындағы шабуылды кей ақпарат көздері азат ету операциясы басталды деп жарыса жазды.

Украинаның "Оңтүстік" штабының өкілі  Наталья Гуменюк қарсы шабуылдың өтіп жатқанын растады, алайда әлеуметтік желіде фото және видео жарияламайтынын айтты. Бұл шабуылдың өту барысына кері әсерін тигізуі мүмкін деп түсіндірді ол.

Возможно, это изображение на открытом воздухе

Батыстық сарапшылар бұл шабуыл алдындағы жаудың қорғаныс шебіндегі осал тұстарын анықтау әрекеті дейді. Ал нақты, толыққанды қарсы шабуыл қазан айында басталуы керек. Оған бірнеше себеп бар.

1. Украинаға берілетін Ленд-Лиз қыркүйекте басталады. Бірақ келген заманауи қаруды игеруге сәл уақыт керек. Қару екі жолмен келеді. Ол әуе және мұхит арқылы. Әуе жолымен қару жеткізу жылдам, бірақ көлемі аз. Кеме арқылы қару жеткізу көп уақытты алады, алайда бір мезетте өте көп қару әкелуге болады. АҚШ Еуропа порттарына қаруды әкеледі, артынша теміржол арқылы Польшаға жетіп, кейін Украинаға кіргізіледі. Осының барлығы шамамен қыркүйектің соңы қазанның басына жетіп қалады. Ал қаруды жеткізу тіпті ұзақ уақытты алуы мүмкін.

2. Қыркүйектің 8 күні Германияда кезекті "Рамштайн" кездесуі өтеді. Ол бойынша да берілетін қарулар беретін елдің саясаткерлері тарапынан бірден мақұлданса, қыркүйектің соңында жетуі тиіс. Алайда кім қандай қару беретіні әлі белгісіз. Шабуылға шығатын әлде қорғанысты күшейтетін қару екені де анықталмады. Бұған дейін "Рамштайн" форматында өткен кездесулерде уәде еткен кей қару түрлері әлі жеткізілмеген. Сондықтан бұл процесс те ұзақ уақытты алады.

3. Украинаға Батыс қаруын меңгерген кәсіби әскер керек. Ол әскер қазір Ұлыбританияда жаттығып жатыр. Бағдарлама 120 күн сайын 10 мың кәсіби сарбазды дайындауға арналған. Ол маусымда басталды, қазанда алғашқы лек оқуын аяқтайды. Қазанда Украинаға 10 мың кәсіби әскер келуі тиіс, ол нәтижелі қарсы шабуылға сеп болады. Қазірдің өзінде Украинада Батыстан тәжірибе жинап, оқып келген сарбаздар бар. Олар дрондарды басқару мен стратегиялық жоспарлау бағытында қызмет етуде. Бұл толыққанды қарсы шабуыл өткізуге жеткіліксіз.

В офисе Зеленского назвали срок готовности сил Украины к контрнаступлению — РБК

Бұл фактілерге сүйене отырып, Украина әскері толыққанды шабуылды қазан айында бастайды деуге болады. Алайда Херсон мен Запарожье бағытында жау шебіне соққы жасап, берекесін қашырып, үрей себуді жалғастырары анық. Украина оңтүстік аймағын бір нақты соққымен азат етуге дайындалып жатыр. Аймақтағы Ресейдің әскери базалары мен қоймаларына Himars-тармен нақты соққы жасап, жойып отыру арқылы Ресей әскерінің маневр жасау мүмкіндігін азайтты. Ал қоймаларға соққы жасау арқылы Ресейдің шабуыл жасау аясын тарылтты. Сонымен қатар Ресей әскеріне қару жеткізу жолдарына соққы жасалуда. Херсонды азат ету мақсатында қаланың екі жағын жалғап тұрған үш ірі көпір істен шығарылды. Украина партизандары да жау жағына өткен шенеуніктерді жойып, маңызды әскери нысандарға өрт қоюда. Осы арқылы оңтүстікті азат ету операциясының іргетасы қалануда.

Украина нәтижелі шабуылдарды қар түскенше жасауға тырысады. Себебі қыста фронт позициялық жағдайға ауысуы ықтимал. Еуропа елдерін Мәскеу газ беруді шектеу арқылы саяси бопсаға салады. Бұл Киевке берілетін көмектің азаюына әсер етуі мүмкін. Зеленский билігі оны жақсы түсінеді, сондықтан күзде барынша белсенді шабуылдар ұйымдастыруға тырысады.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299