Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3325 0 пікір 22 Желтоқсан, 2012 сағат 06:15

Шекараны «қымтап» тастаған халық қалаулылары қысқы каникулға кетті

Кеше Сенат өзінің ағымдағы жылғы соңғы жалпы отырысын өткізді. Шұғыл шаруалар туындамаса, Парламенттің жоғары палатасы енді келесі жылы бірақ жиналмақ. Соған орай соңғы отырыста сенаторлар үш бірдей заң қабылдап тарқасты.

Кеше Сенат өзінің ағымдағы жылғы соңғы жалпы отырысын өткізді. Шұғыл шаруалар туындамаса, Парламенттің жоғары палатасы енді келесі жылы бірақ жиналмақ. Соған орай соңғы отырыста сенаторлар үш бірдей заң қабылдап тарқасты.

Сенаттың ағымдағы жылдың ақырғы оты­рысында қабылдаған құжаты мемле­кет­тік шекара саясатын мығымдауға ба­ғытталған. Бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған құ­жаттың жай-жапсарын біршама жаз­ған­быз. Мемлекеттік шекараның қызметін реттейтін заңның ескіргендігін, оның жаңа қа­терлер туындаған, бұрынғысы ушыққан бүгінгі заман талабына сәйкес еместігін атап-атап айтқанбыз.   Ең бастысы, ұдайы қы­ра­ғылықты та­лап ететін шекара қаты­нас­тарында заман талабынан шығатын құ­қықтық қағидаттар қамтылмағандықтан, «Те­ріс­айрық» пен «Ар­қан­кергендегі» оқи­ға­лардың орын алғанына, сол олқылықтың ор­нын толтыратын құжаттың жаңалығына да назар аудартқанбыз. Тағы бір тоқталсақ, заңда Қазақстанның шекаралық кеңіс­ті­гін­де қолданылатын бірқатар режимнің ма­ғынасы мен мазмұны ашылады. Бұдан бө­лек құжатта Мемлекеттік шекараны са­нат­тарға бөлу рәсімі  енгізіледі. Мем­ле­кеттік органдардың, оның ішінде жергілікті ат­қару органдарының құзыреті жан-жақты ай­қындалып, ара-жігі ажыратылады. Со­нымен қатар Қазақстан азаматтарының мем­лекеттік шекараны қорғауға қатысу тәр­тібі нақтыланып, олардың құқықтары мен міндеттері реттеледі. Мемлекеттік ше­ка­раны қорғау жөніндегі міндеттерді орын­дау кезінде қару-жарақты және әс­кери техниканы, арнаулы құралдарды, қыз­меттік жануарларды және дене күшін қол­данудың шарттары мен шектері бел­гі­ле­неді. Ал шекара саясатын мығым­дай түсу үшін Үкімет жаны­нан арнайы Мем­ле­кеттік шекара комис­сия­сы құрылып, ше­ка­ралар санаттарға бөлінеді, яғни ендігәрі елі­міздің шекара саясатын аталған Мем­ле­кеттік шекара комиссиясы қолға алатын бо­­лады. Комиссияның құрамы мен өкі­леттілігін Үкімет бекітеді.

Ең бастысы, заңнамадағы тың нор­ма­лар  «Терісайрық» пен «Арқанкерген» ше­ка­ра бекетінде орын алған келеңсіз, қай­ғылы оқиғалардың қай­та­лануына жол бер­­­меуге бағытталады. Ал оқыстан орын ал­­ған олқылықтарды болдырмау үшін не іс­­теу керек? Бұл ретте ең алдымен ше­ка­ра­да қызмет өткеру үшін шақырылатын кон­­тингенттің сапасын арттыруға бағыт­тал­­ған нормалар жаңа заң жобасында қам­­­тылып отыр. Атап айтқанда, шекара қыз­­метінде әс­кери қызметті өткеру мә­селесі жеке бап­та белгіленген. Оған сәй­кес, аза­­мат­тар­ды әскер қатарына шақыру ба­­рысында Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті ша­­қыру ко­мис­сия­сының құрамына өз өкіл­­дерін жі­беретін бо­лады. Сонымен қа­тар әкім­­ші­лік­­тердің әс­кери басқармаларға бер­ген жиынтық мә­ліметтері негі­зін­де мо­ни­то­ринг жа­са­лып, шека­ра қызметіне алы­натын үміт­кер­лер іріктеледі. Бір сөз­бен айт­­қанда, шекара әс­кері қызметіне ла­­йық­ты жастар ерте ірік­те­леді. Сосын ше­кара әс­керлеріне қатысты мерзімді әс­кери қыз­мет­ке шақырылатын Қа­зақстан Рес­пу­бли­ка­сы азаматтарының де­не бі­тіміне ғана емес, моральдық-пси­хо­­ло­гиялық са­па­сы­на да баса көңіл бө­лінеді. Әс­керге ша­қыру ба­­рысында шекара қыз­метіне ірік­те­ле­тін­дерге қа­тысты пси­хо­фи­зиологиялық тек­се­руден, кейбір жағ­дай­да по­лигра­фия­лық зерт­теулерден өт­кізу нор­малары қам­тыл­ған. Сол ар­қылы ше­кара қыз­метінің та­лап­та­рына сай кел­мейтін сар­баздардың осы қызметке өтіп кетуіне тосқауыл қойылмақ.

Тағы бір жаңалық, заң нормаларына сәй­­кес, келесі жылдың қаңтарынан бастап ше­­кара қызметінің басшылық құрамы жап­­пай аттестаттаудан өтетін болады. Пар­ла­мент қабылдаған заң Мемлекет бас­шы­сы­ның қол қоюына жолданады.

Шекарадағы жеңілдетілген өткізу пунктілері Ресейден басқа  елдермен еш қарастырылмайды

Талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханұлы қазақ-өзбек шекарасындағы жайттарға көбірек көңіл бөлді. «Ресей мен Қазақстан шекарасында 105 жеңілдетілген өткізу бекеті ашылған. Бұл дұрыс шығар. Алайда Өзбекстанмен шекарадағы проблема әлі де өзекті күйінде тұр. Кезінде Қазақстанның бірқатар ауданы өзбекке беріліп кетіп, кейіннен қайтарылғанымен, біраз азаматымыз сол елде қалып қойды. Соның салдарынан бір атаның ба­ла­лары екі мемлекетке бөлінді. Ондай от­ба­сы­лар­дың өзара қарым-қатынасы соң­ғы уақытта одан сайын қиындап отыр. Той-томалақ тұр­мақ, өлім-жітімге жете ал­май, аға­йы­н­нан алыстап отырғандары көп», - дейді се­натор Қуаныш Айтаханұлы. Осы мәсе­ле­лерді меңзей келе, депутат «Қа­зақстан мен Өз­бекстан арасында теріскей ше­карадағы се­кілді жеңілдетілген өткізу пунктілері ашыл­са» деген тілегін айтып көрген. Бақ­сақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ше­каралық жағдайдың Ресей мен Қа­зақ­стан арасындағы жағдайдан әлде­қай­да күр­делі екені аңғарылды. «Мұндай жеңіл­де­тілген өткізу пунктілері тек Ресеймен ара­да ғана бар. Өйткені Кедендік одақ ая­сын­дағы заң талабы солай. Ал мұндай же­­ңілдетілген тәртіппен өткізетін ше­кара пунк­тілерін өзбек жағымен, қырғыз аға­йын­дармен аша алмаймыз. Оны ашу Ке­дендік одақтың заң­намасына қай­шы», - дей­ді Ұлттық қа­уіп­сіздік ко­ми­теті Шекара қызметі ди­рек­то­рының мін­де­тін уақытша атқарушы Тұр­ған­бек Стам­бе­ков. Оның ай­туынша, Ре­­сейден басқа ел­дермен же­ңіл­детілген өт­­кізу бекеттерін ашу тек ха­лық­аралық келісімдер жасау жо­лымен ғана жүзеге асуы мүмкін.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы Парламент өкілеттіліктерін күшейтуді қарастырады

Жиын соңына қарай соңғы отырысты қо­­рытындылаған Сенат спикері Қайрат Мә­ми сөзін Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­­тың «Қазақстан - 2050» жаңа стра­те­гия­­сымен сабақтады. «Елбасы өз Жол­да­уында биік белестерді белгілеп берді. Бұл стратегия соңғы 21 жыл ішінде қалып­тас­қан жаңа мемлекеттің жаңа саяси ба­ғытын айқындайды. Бұл үлкен тарихи ма­ңызды құжат үлкен ауқымдағы міндеттерді, алып мақсаттарды алдымызға қойып отыр. Ол мақсаттар биліктің әр тарапына да дербес жа­уапкершілікті жүктейді. Стра­тегияда Пар­ламенттің өкілеттіліктерін кү­шей­ту сая­сатының жалғасатыны да көр­се­тілген. Бұл заң шығарушы билікке деген үл­­кен сенім мен зор жауапкершілікті біл­діреді», - деді Сенат спикері. Бұл ретте Қай­рат Мә­ми «Се­нат Президенттің барша бас­та­ма­сын қол­дап, оларды іске асы­руға дер ке­зінде қа­жетті заңдарды қабыл­дау­ға жә­не бо­ла­шақта олардың орын­далуын ба­қы­лау­­ға дайын болуы керектігін» мә­лім етті.

Автор: Қанат ҚАЗЫ, Астана

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566