Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3510 0 пікір 25 Желтоқсан, 2012 сағат 09:31

Қажымұқан Ғабдолла. Жемқорлық: 10 айда 7,5 млрд теңге

Биылғы жылдың 10 айында қазақ жемқорлары елімізге 7,5 млрд теңгенің шығынын келтіріпті, соның 92,4 пайызы, яғни, 6,9 млрд теңгесі қазынаға қайтарылыпты. Бұл - анықталған, ұсталған, қолға түскен, белгілі болған ресми мәлімет қана. Біз білмей, құлағын көрсетпей, қырық қабаттың қыртысында жатқан қаншама ұрлық-қарлық жатыр десеңші...

Қарпол да қарап жатпаған сияқты: сол жамбастағыны шалып жығып, оң жамбастағыны алып ұрып, әйтеуір, он айда 1367 жемқорлық іс қарап, 656 шенеуніктің шекесін терлетіпті.

Бір ғажабы, біздің ұры-қарылар татымды табысын басты бағдарламардан қарпып қалуға машықтанған екен. Мысалы, «Тұрғын үй құрылысы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша - 17, «Ақ бұлақ» - 21, «Жол картасы» - 12, «Еңбекпен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша - 19 қылмыс тіркелген. Біздіңше, бұл - теңіздегі тамшы ғана...

Былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда, биылғы 10 айда: пара алу 10,3 пайызға (331-тен 365-ке), лауазымын асыра пайдалану 32,5 пайызға (252-ден 334-ке), лауазымын пайдалана отырып, алаяқтық жасау 50 пайызға (84-тен 126-ға) өсіп кеткен.

Жемқорлықтың өзегі - мемлекеттік қызмет саласында. Сондықтан, ол қоғамның тұлабойының түгел іріп-шіруіне ғана әкеліп соқпай, мемлекеттің іргесінің сөгілуіне тірейді. Қазақ қоғамының жемқорлық деңгейін мейлінше анық та айқын, жедел же дәлелді анықтау үшін өркениет елдері секілді, ең кем дегенде, бір-біріне тәуелсіз 3 дерек көздерінің қызметін пайдалану керек.

Ал, Берлинде бас кеңсесі орналасқан Transparency International (TI) үкіметтік емес ұйымы биыл тағы да 176 мемлекеттің жемқорлық ахуалын зерттеп, қазақ Елін «мәртебелі» 132 орынға шығарыпты. «Сұмдық қой»: біздің алдымызға 131 ел шығып кетіпті, тым құрығанда, алғашқы 50 елдің шаңына ілесе алмаппыз. Оқасы жоқ, әлі кеш емес, біздің жемқор-шенеуніктеріміз әлі-ақ бас бәйгені алып береді.....

Алғашқы бестіктегі Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Швеция және Сингапур елдерінде мемлекеттік құрылымдар мен шенеуніктер туралы мәліметтер мейлінше ашық әрі мол, толық һәм таза екен. Біз алысырақ тығып, аулағырақ жасырамыз ғой: оффшорларды шарлаймыз, еркін экономикалық аймақтарды кеземіз...

...Өткен жылы жемқорлыққа белшесінен батқан әлемдегі бірнеше елдің басшыларының аттарынан ауып түсіп, тақтарынан тайдырылғанын көрсе де, қазақ билігінің шырт ұйқысынан оянбауы - таң қалдырады. Тек қана Ауғанстандағыдай аңырап, Сомалидағыдай сан соғып қалмасақ жарар еді...

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564