Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 2287 14 пікір 5 Қыркүйек, 2022 сағат 17:01

Ұлттық қордың кірісін көбейтсе, балаға түсетін ақша да екі есеге көбейеді

Президенттің осы жолғы Жолдауында экономикалық-әлеуметке бағытталған тұстары бар. Бірінші кезекте, Қасым-Жомарт Тоқаев монополиямен күрес жайында айтып, Үкіметтің экономикаға қалай араласу керегін түсіндірді. Оның айтуынша, жалпы бізде Үкімет нарықпен күресіп кетті. Ол дұрыс емес дегені бар.

Шынымен, Президенттің айтқан сөзінің жаны бар. Үкімет араласпайтын жерге араласып, ал қажетті жерге араласпай жатқан әрекетінен елде қымбатшылық белең алды. Үкімет кәсіпкерлер мен шаруалардың қызметіне кедергі жасамай, монополиямен күрес, бағалық келісімдер, арадағы делдалдар, қолдан тапшылық ұйымдастырғандарды жазалау секілді дүниемен айналысуы тиіс. Қазір елде шағын және орта бизнес қосымша 42 миллиард теңгеге қаржыландыруға мұқтаж. Ал оған біздің банктер қаржыландыруға ынталы емес. Осы тұста «Ұлттық банк тапқырлық танытып, әрекет жасауы керек» деген Президенттің тұжырымымен келісемін. Сондықтан бізде екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген несие беру әрекетінен мүлдем босатып,  өзге шағын несиелік ұйымдар арқылы алыстағы шаруалар мен фермерлерге қаражатты жеткізудің тиімді жолын қарастыру керек. Егер шаруалардың кепілдікке қоыр мүлкі болмаса, мемлекет өзі гарант болып, кепілдікті өз мойнына алып, қаражатты жеткізсе, онда өңірдегі көптеген шаруалар кәсібін жүргізе бастайды.

Екіншіден, Перзидент ең төменгі жалақыны 70 мыңға көтеруді айтты. Бұл тұста, мені қынжылтатыны, осы мәселемен үнемі Президентіміз айналысады. Ал соны шешетін тұтастай профильдік министрлік қайда қарап отыр? Олар осы мәселені Президентке жеткізбей, өздері шешуі тиіс қой. Сонымен қатар, жаңа есептеу әдісі енгізіп жатырмыз делінді, бірақ қандай екені айтылмады. Алдағы уақытта министрлік тарапынан осыны түсіндіреді деп ойлаймын. Өйткені, қазір төменгі жалақы ретінде 70 мыңның өзі аз. Келесі жылдары ол 90-100 мыңға өсуі  мүмкін. Осы жағын да ұмытпауымз керек.

Өзімнің көңілімнен шыққан дүние – Ұлттық қорды пайдалану. Шыны керек, осы уақытқа дейін Ұлттық қор бюджет тапшылығын жабу не болмаса Самрұқ-Қазына тарапынан талан-таражға түсіретін калян болып қалғандай секілді. Бірақ олай болмауы керек, Ұлттық қордың өз миссиясы бар. Біріншіден, ол Үкіметке көмекке тек қана елдегі дағдарыс кезеңінде келуі тиіс. Қалған жағдайда келешек ұрпақ қоры финкциясын атқаруы тиіс. Міне, сол функцияны енді жүзеге асырмақ. Бірақ жоба 2024 жылы бірақ қосылмақ. Сол бір жарым жылда оған қатысты нақты ұсыныстар айтылып, тиімді өсу жолдары, әрбір балаға жеткізу жолы, Ұлттық қордың үлесін өсіру жолдарын нақты тетік ретінде ұсынылуы керек. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, әр баланың есепшотында,18 жылда  3 мың доллар жиналмақ. Меніңше, бұл олай емес. Жоқ дегенде, 18 жылда 6 миллион жиналады. Онда да Ұлттық қордың қазіргі күйін есепке алдым. Дегенмен Ұлттық қорды ұлғайтуға, активтерін көбейтуге, инвестициялық сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтуға болады. Осының бәрін жүзеге асырып, Ұлттық қордың кірісін 10-12 пайызға жеткізсек, түсетін ақшада екі есеге көбейеді. Немесе депозиттік есеп ашып, оның үстінен 10-12 пайыз есептесек, 18 жылда 14-15 миллионға дейін табыс түседі. Мысалы, Американың орташа кірісі – 10-15 пайыз. Ал қазіргі біздің жағдайда –  2,4 пайыз ғана. Ол өте аз. Сондықтан осыған білікті маман, мықты қаржыгерлерді тартып, Ұлттық қордың кірісін көтеру керек. Осыны қолға алып, азаматтық бақылау болса, жұмыс та өз жемісін беретінін сөзсіз.

Мақсат Халық,

экономист

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377