Жұма, 2 Қазан 2026
2544 2 пікір 6 Қыркүйек, 2022 сағат 12:31

Еленовка ауылының атауы Самалтау болып өзгерді

Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Еленовка ауылының атауы Самалтау болып өзгертілді. Бұл туралы ақын Мерген Тоқсанбай жазды.

Айтуынша, өзге ұлт өкілдері ауыл атауының өзгеруіне қарсылық танытқан. Десе де, атауды қазақшалауды қолдағандар басым түскен.

«Бүгін Еленовка ауылының атын ауыстыруға арналған жиналыс болды. Бұл жердің тарихи атауы – Самалтау!

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Нугманов ағам ұлттық мүдде, ономастика мәселелері жөнінде сөз сөйлей бастап еді, әдеттегідей орыс апайлар шулап қоя берді.

Әйтеуір, бұл жолы жалғыз барғам жоқ, Көкшетаудан Нұрислам Әбділ , Манарбек Қыдырбайұлы , Бахтияр Исмагулов , Абылайхан Әшімхан , Оралбек Нүрүш , Думан Самат бауырларым барған, олар да айтысып-тартысып, Алмас ағам күні-түні ізденіп архив пен ескі кітаптардан, газет-журналдардан тапқан деректерін алға тартып, ақыры дауысқа салып, ауыл атын қазақшалаймыз дегендер басым түсті. Біздің жігіттер сол жиналыстың хаттамасын жазып, орысшаға аударып, қол қойып, мөр басып бір-ақ кеттік. Орыстардың ығына жығылып хаттама теріс толтырылмасын деп сақтанған түріміз ғой.

Ал, ағайын, Самалтау қайырлы, құтты болсын! Қазақ еліне + 1 қазақша ауыл!» - деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 363
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 384
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 572