Бейсенбі, 1 Қазан 2026
2844 3 пікір 6 Қыркүйек, 2022 сағат 13:13

ДАИШ: "Ресей елшілігін біз жардық"

ДАИШ (ИГИЛ) ресурстары Кабулдағы Ресей елшілігінің жанында теракт жасаған жанкештінің суретін жариялады. Осылайша екі ресейлік дипломаттың қазасына себеп болған жарылысты өз мойындарына алды. 

Ұйым мәлімдемесінде лаңкес елшілік маңында "ресейлік қызметкерлер қатысқан жиында жанкешті белбеуін жарып жіберген" делінген.

Қыркүйектің 5-і күні Кабулдағы Ресей елшілігінің консулдық бөліміне кіре беріске жақын жерде лаңкес жарылғыш затты іске қосқан. Салдарынан алты адам, оның ішінде екі ресейлік дипломат пен төрт тәліб қаза тауып, он адам жараланған. Талибан қауіпсіздік күштері елшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұдан да маңызды шаралар қабылдауға уәде берді.

Кремль Кабулдағы елшілік қызметкерлерінің өлімін теракт деп бағалады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 273
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 292
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 368