Сенбі, 3 Қазан 2026
2604 1 пікір 7 Қыркүйек, 2022 сағат 11:13

Алтай ауданындағы өрт әлі өшірілмеді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 700 гектарға жайылған дала өртінің беті қайтпай жатыр. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 қыркүйек күні түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шықты.

Қазіргі уақытта «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жетіп отыр.

«Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпуда. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 488
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 730