Сенбі, 23 Қараша 2024
2185 1 пікір 8 Қыркүйек, 2022 сағат 14:59

Миттал миллиард доллар инвестиция құямын дейді

Тоқаев «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы Лакшми Митталды қабылдады

Өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналды.

Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар Президент ішкі нарықтың қажеттілігін «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берді.

Бұдан бөлек, компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада «АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5442