Сенбі, 23 Қараша 2024
1138 0 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 15:25

Алматыдағы жарқын істер: Білімде көш бастап тұр

Ел білімді болса, Тәуелсіздік тұғырлы болады деген сөз тегін айтылмаған. Бұған Алматы қаласы бойынша істелініп жатқан іс-шаралар куә бола алады.

Әрбір саналы азаматты «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Білім беруді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін заманауи басқарушыларынсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт». Еліміздің білім саясаты әлемдік аренадан өз орнын нақтылауда. Өйткені білімді ел ғана әлемдік өзгерістер көшіне ілесе алатыны мәлім. Тәуелсіздік жылдарындағы отандық білім беруде жинақталған тәжірибелерді талдап, саралап қарасақ, еліміздегі білім беру жүйесі әлемдік стандартқа жақындап қалғанына көз жеткізе түсеміз.

Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады. Аталған тамыз конференциясы тікелей эфирде өтті.

«Алматы қаласы білім саласы бойынша көш бастап тұр. Ол тек бір көрсеткіш бойынша ғана емес, жалпы балабақшаларды алатын болсақ та, орта білімді алатын болсақ та, теникалық-кәсіптік білім алатын болсақ та, басым бөлігі, барлық деңгейі бойынша Алматы ең бірінші орында тұр. Оқу-ағарту министірлігі барлық пилоттық жобасын Алматы қаласынан бастап жатыр», –  деді министр.

Осы орайда қала жаңа оқу жылына дайын ба деген сауал туындайды. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Ренат Сейдраманов: «Ауданда мектептердің құрылысы мен кеңеюі үзіліссіз жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 1625 орындық №38, 60, 199 мектептердің қосымшалары пайдалануға берілді. 300 оқушыға арналған №191 мектепке жапсаржай құрылысы аяқталуда. Әлеуметтік жауапкершілік аясында 300 орындық №146 лицей ғимаратына қосымша құрылыс жұмыстары аяқталды. Кейінірек «Bazis-А» компаниясы 300 орындық №65 жалпы білім беретін мектепке қосымша құрылыс салуды бастайды»,-деді.

Білім саласының Алматы қаласында қанат жайып өркендеуіне партияларда өз үлесін қосып жатыр. Алматыда қалалық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының және Алматы қаласы мәслихатындағы «AMANAT» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтіп, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері қатысты. Осы кеңейтілген отырыста білім беру және медицина объектілерін салу мәселелері қаралды.

Қалалық мобильділік басқармасы өкілі жыл соңына дейін 14 мыңға жуық оқушы орнына арналған 18 орта білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда. Бұл жоспарға 10 750 орындық 11 мектеп, 1 270 орындық 5 қосымша құрылыс, 1 800 орындық 2 ғимаратты сатып алу кіретіндігін сөз етті. Өз кезегінде, мәжілісмен Бекқали Торғаев биыл аяқталуы тиіс 5 мектептің құрылысына қатысты алаңдаушылық білдіріп: «Бұл нысандар өткен жылдан бері өтпелі болып келеді. Соның бірі – Мәдениет шағын ауданында мектеп құрылысы. Құрылыс басқармасының есептеуінше, мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі. Алайда, нысанға барғаннан кейін құрылыс жұмыстары баяу жүргізіліп жатқанын көрдім. Мектептің инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелері де ерекше бақылауды талап етеді», - деді.

Зиялыларымыздың инновациялық ой-пікірлері мен ұстанымдары басшылыққа алынып, еліміздің білім беру жүйесін жаңаша құрып, жаңа бағытта дамытып, жетілдіруде жасалған алғашқы қадамдар, өзгерістер мен жаңалықтар, реформалар, жаңа технологияларды енгізудің нәтижелері бүгін өз жемісін беруде. Сөйтіп, осы инновациялар еліміздің тәуелсіз даму кезеңіндегі тарихи шындығына айналуда, сондықтан қазіргі Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ену үдерісін зерделеуде білім жүйесіне енгізілген заманауи өзгерістер мен жаңаша бетбұрыстардың маңыздылығын ескермеуге болмайды. Олар Қазақстанның жаңа заманға барынша бейімделіп, өз саясаты мен өз экономикасын түзеп, сөз бостандығы мен ой еркіндігіне негізделген демократияны жетілдіріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда жасалған маңызды қадам, іргелі іс-шаралардың бірі болып қала беретіні сөзсіз.

Осының бәріне басқаны айтпағанда бір ғана Алматы қаласындағы жарқын істер арқылы көз жеткізе аламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504