Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 4109 18 пікір 13 Қыркүйек, 2022 сағат 12:05

Ши төраға «сәлем», дейді. Әне-міне, «келем», дейді

Қытайдың Ши төрағасы ертең, 14 қыркүйекте Қазақстанға келетінін осыған дейін айттық. Өзбекстанның Самарқанында өтетін ШЫҰ саммитінің алдында ат басын Қазақстанға бұрып, бір аялдап барып өзбек аттанады, Ши мырза.

Ши мырзаның бұл сапары туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі апта бұрын алақайлап айтқанымен, Қытай тарабы ресми мәлімдеме жасамаған еді. Бар болғаны Ресейдің Қытайдағы Елшісі бір аптадан кейін Путин Ши Жипиңмен кездеседі деген ақпар таратты. Болды.

Үш жылға жуық шекара сызығын аттамаған (ешбір елге) Ши мырзаның Қытайдағы партия сиезінің дәл алдында Қазақстан мен Өзбекстанға аттанып кетуі көп жағдан хабар беретіні анық. Оның үстіне бұл жолғы партия сиезі Шидің келешек тағдырын анықтайтын маңызды шара. Қазір Ши тағын сақтап қала ма, жоқ па деген сұрақ Қытай қоғамында һәм саяси элитасында басты сұрақ. Осындай маңызды уақытта шет елге шыққан Ши төраға дәудей мақала жазыпты. Онда Қазақстанға сапары туралы да сөз қозғаған екен. Бүйдейді...

Шидің мақаласынан үзінді:

«Осы алтын күзде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыртуын қабыл алып, Мен бізге дос саналатын Қазақстанда мемлекеттік сапармен боламын. Араға 5 жыл салып, аса зор ықылас танытып, шексіз жазық даласы мен заңғар биік таулары, созылып жатқан өзендері мен кең құшақ халқы бар сіздердің елдеріңізде болмақпын. Бұл сіздердің елге төртінші мәрте келуім. Мен бұл сапарға көп үміт артамын.

Қытай Қазақстанмен әріптестікті дамытуға әркез мүдделі. Әсіресе, құқық қорғау, арнайы қызмет пен қорғаныс ведомствосы салаларында байланысты нығайту уақыт талабы.

Сондай-ақ, жаһандық қауіпсіздік туралы бастамаларды басшылыққа ала отырып, ортақ кешенді концепцияларға өмір беру, Қытай мен ОА елдері арасындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бастамаларды жүзеге асыру, үшінші күштермен бірлесіп күресу, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар мен заңсыз есірткі бизнесімен күресу, сыртқы күштердің елішілік мәселелерге араласуын болдырмау, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бірлесіп күш салу күн тәртібінде қаралмақ», - депті.

Түйін: Бұған дейін соңғы бір жыл ішінде Қазақстанға Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэн келіп кеткен.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5199