Шекарада тағы атыс
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы қақтығыс, тағы атыс болды.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Қырғызстан шекарашылары Тәжікстаннан келген жасақты анықтағанын хабарлады.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өкілдерінің айтуынша, көрші елдің әскери қызметкерлері келісімді бұза отырып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияға орналасқан.
"Қырғыз тарапының аумақтан кету туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғызстан шекарашылары да қару қолданды. Атыс басталды, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша, атыс мезгіл-мезгіл болып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ", - деді Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығы өкілдері.
Қазір жағдай біршама тұрақтанды. Екі ел мәселені бейбіт шешуге тырысуда.
Abai.kz