Головкин: Менің үш белбеуім бар! Мен қайтып ораламын!
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Сарапшылар Генаның жеңілісінің түрлі себебін айтуда. Головкиннің жеңіліс табуы басқа салмаққа ауысуынан және жасының үлкендігінен болды дейді көпшілік. Альварестің жасы 32-де, ал Гена 40 жаста.
Сарапшы Денис Дорофеев былай дейді: "Бұл біз көрген Генаның ең нашар үлгісі болды. Біз одан жанып тұрған от көре алмадық, ол панчер ретінде өзін бұл жолы көрсете алмады. Генаның жағдайында 40 жас деген бұл үкім. Одан қазір ешкім қорықпайды. Тіпті Генадан қашып жүретін Крис Юбэнктің өзі оны жекпе-жекке шақырып отыр.
Головкиннің мансаптық жолы расымен керемет. 42 жеңіс, екі жеңіліс, бір тең нәтиже. Бұл өте жақсы нәтиже. Ол бұл статистиканы Юбэнк пен Чарло сындылардың кесірінен бұзып алғанын қаламас едім. Ұлы Мэнни Пакьяо өз уақытында тоқтай білмеді, сондықтан орта деңгейлі спортшылардан ұтылып қалды. Сегіз мәрте ұтылды. Дәп қазір өзіңе өзіңді мойындап, күштің толысқан шағының өтіп кеткенін мойындайтын сәт. Ары қарай жақсы болады дей алмаймын", - дейді ол.
"Бойцовский клуб РЕН ТВ" промоутері Владимир Хрюнов былай дейді: "Головкин не істесе де, мен оған таңданып, асыға күтіп, қошемет көрсетемін. Ол өзінің мансабын аяқтар сәтте бірнеше жекпе-жек ұйымдастырса, Мәскеуде немесе Қазақстанда. Оған лайықты тұлға. Бұл менің жоспарымда бар және мен "РЕН ТВ" басшылығымен бұл туралы сөйлескен едім. Келер жылы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін Ресейде өткізсек деп ойластырудамыз".
Головкиннің өзі болса былай дейді: "Менің жоспарым көп, мүмкіндіктер жетерлік. Мен Канело мен бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, менің 160 фунтта үшбелбеуім барын ұмытпаңдар. Жігіттер, мен қайтып ораламын! Мен әлі де чемпионмын. Мен Канелоның қолын қысып, командасын құттықтағым келеді. Ол нағыз жауынгер".
Abai.kz