Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 2226 17 пікір 23 Қыркүйек, 2022 сағат 11:55

Халық саяси реформаларды құптап отыр

Қазіргі уақытта үлкен реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, кезектен тыс әділ сайлау өткізу маңызды. Ең алдымен, билік өзгеріске дайын екенін түсінуіміз керек. Суперпрезиденттік жүйенің кесірінен Қазақстан байлығының басым көбіне 162 адам ғана иелік етті. Сол үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі Президент сайлауын өткізуге ұсыныс тастағаны - құптарлық қадам. Оның негізгі миссиясы – әділетті қоғам құру. Дәл қазір Мемлекет басшысы әділетті қоғам құру үшін өтпелі кезеңнен өту керек екенін меңзеп отыр.

Кейбіреулер бір реттік жеті жылға сайлау үлкен бағдарламаларды жүзеге асыруға жетпей қалуы мүмкін екенін айтады. Бірақ біздегі бұған дейін қабылданған ұзақмерзімді стратегиялық жобалар сәтті жүзеге асты деп тағы айта алмаймыз ғой. Сондықтан нақты жоспарға құрылған қысқамерзімді бағдарлама әзірлеп үйрену керек. Бұл белгілі бір мәселенің шешімін табуға септігін тигізеді.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік бағдарлама жалғасын таба береді.
Қоғам өзгерісті қалайды. Бірақ ешкім өзінен бастағысы келмейді. Билік өзінен-өзі өзгере салмайды. Ол үшін халықтың қолдауы маңызды. Халық та саяси реформаларды қалап отыр.

Мысалы, Оңтүстік Кореяда президентті бір реттік 7 жылға сайлау тәжірибесі бұрыннан бар. Олар осы басқару моделіне жету үшін жылдар бойы халық еңбектенген. Қазір Оңтүстік Кореядағы демократиялық институттар дамып келеді. Ал бізде бұл өзгерісті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінен бастап жатыр. Сондықтан халық пен мемлекеттің игілігі үшін қолға алынған іс қолдау тапса құба-құп.

 

Мақсат Толықбай

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530