Жазушы Дидар Амантай шығаршылығы жайлы баспасөз мәслихаты өтеді
ЫҚШАМ-АҚПАР
25 қаңтар, 2013 жыл, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы,
"Кино алаңы" мәжіліс залы, сағат 11.00
Қатысушылар: Мұрат ӘУЕЗОВ, Асанәлі ӘШІМОВ, Әлмира НАУРЫЗБАЕВА,
Әлия БӨПЕЖАНОВА, Дидар АМАНТАЙ.
Ұйымдастырушы: Мұхтар Әуезов Қоры
2011-2012 жылдары Париж, Анкара және Ұлан-Батор қалаларында қазақтың белгілі жазушысы, қара сөздің шебері, кинодраматург Дидар Амантайдың кезінде Алматыда жарық көрген "Қарқаралы басында" атты проза кітабының француз, түрік және монғол тілдеріне аударылған тәржіме нұсқалары басылып шықты.
Парижде шыққан кітапқа "Гүлдер мен кітаптар" романы енді, алғысөзін біртуар ақын, заңғар ойшыл Олжас Сүлейменов жазды. Жалпы, бұл кітаптың Парижде жарық көруіне Олжас Сүлейменов зор қамқорлық жасады. Қазақ тілінен французшаға тәржімелеген - Айтқали Бақытов, ал редакторлық жұмысты атқарған - Франция азаматы. Кейін бұл аударма кітап жөнінде мәдениеттанушы Альбер Фишлер сыни мақала жазып, ой-пікірін білдірді.
Кітаптың түрікше нұсқасы "Гүлдер мен кітаптар" романы мен "Төлеутай ақсақалдың немересі» әңгімесінен құрастырылды, аудармашысы - белгілі шоқайтанушы, қаламгер Әбдіуақап Қара.

Монғолша тәржімесіне "Гүлдер мен кітаптар" романымен қатар бірнеше әңгімелер топтастырылды, тәржімелегендер - Жазгүл Жұмабай мен Нәпіл Базылхан.
Жалпы, Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, "Тарлан-Үміт" сыйлығының сахибы Дидар Амантайдың бұл "Қарқаралы басында" атты кітабы - бес томдық шығармалар жинағының алғашқы томы. Автор алдағы жылдары шығармаларын бір-бір томнан шығарып тұруды өзіне мақсат тұтып отыр.
Үрімші қаласында орналасқан ҚХР Шынжаң өлкелік баспасы Дидар Амантайдың "Гүлдер мен кітаптар" романы, "Мен сізді сағынып жүрмін" повесі және отыз жеті әңгімесін бір кітапқа топтастырып, баспадан шығаруды жоспарлап та қойды.
Бүгінгі күні елге белгілі аудармашы Қайша Тәбәрікқызы Дидар шығармаларын қытай тіліне аудара бастады. Алғашқы үш әңгімесі Қытайдың (天涯) («Tian Ya») «Қиян» атты әдеби жорналына шығып та үлгерді.
2010 жылы Сіздердің назарларыңызға ұсынылған "Қарқаралы басында" атты кітаптың, сонымен қатар, қазіргі таңда орыс, испан, неміс, араб, ағылшын, парсы және кәріс тілдеріне тәржімәланып жатқанын айта кеткен жөн.
Проза, кинематограф және көсемсөз жанрын қатар ұстанған Дидар Амантайдың бұл үш кітабы, бір тараптан, қаламгердің қазақ әдебиетінің мәртебесін асыру, шетел оқырмандарына таныту жолындағы және, сонымен қатар, қазақ оқырман қауымы алдындағы есебі тәрізді екені рас. Әлем әдебиетіндегі соңырқалап келе жатқан жаңа ағымдар, ізденістер, бағыт-бағдар, жалпы, роман-әңгімелердің тағдыр-талайы, түрлі ұлт прозасындағы қалыптасқан машық, кезеңдік жазу мәнерлері мен сюжеттік желі, тәсіл және атмосфера, бәрі-бәрі 25 қаңтар күнгі баспасөз мәслихатының тақырыбы болары сөзсіз.
Мұхтар Әуезов Қоры