Бейсенбі, 25 Желтоқсан 2025
Білгенге маржан 131 0 пікір 25 Желтоқсан, 2025 сағат 13:56

Іледегі қазақ руларының орналасуы

Сәрет: википедиядан алынды

Құлжа қаласындағы ең басты қазақ руларының картасы

Құлжа қаласының негізін 1698 жылы Жоңғар ханы Сыбан Рабдан қалаған екен. Бұл қала Іле қазақ автономиялы облысының орталығы болғанымен, қалада ұйғыр, қытай, дүңген ұлттары молшылық болып, қазақтың саны 30 мыңға жетпейді. Қала ішіндегі азғантай қазақтан тыс, қаланың төңірегіндегі Таскөпір, Араөстең, Дардамты, Баяндай өңірлерінің әрбірінде 2~3 мыңнан қазақ тұрады. Араөстең, Дардамты ауылдары Құлжа ауданынан қосылған болатын. Қазағы тым аз немесе жоқ есебіндегі Кепекжүзі, Құдияржүзі, Қарадөң, Жаңажер, Пәнжім, Ханбиң, Тоғырақ сынды ауыл-кенттерін атамадық.

Құлжа қаласының қала аумағы Дулатбақ, Чунцин, Шанхай, Іле, Бейжиң(Пекин), Қазаншы, Йишүй(Үшбурыл), Субойы, Еренбақ, Шоңкөпір, Азат, Дөңмәлі, Нинъюань қатарлы 13 аумақтан тұрады. Қаладағы қырық темірдің қылауынан құралған әртүрлі рулар: Қызай, Албан, Керей, Суан, Шеру, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Қаракерей, Төртуыл, Жалайыр, Қаңлы, Төре, Төлеңгіт, Қарауылжасық, Жағалбайлы, Шанышқылы, Тобықты, Сіргелі, Шапырашты, Терістаңбалы, Жарболды.

Таскөпір ауылы Көкшілік, Жиделі, Дөңмәлі қатарлы 6 елді мекенді қамтиды. Ең басты рулары: Қызай, Албан, Суан, Қоңырат, Қаракерей, Төртуыл.

Араөстең ауылына Араөстең, Бұлақбасы, Ойманбайтоғай, Гүзеллік, Қарадөң қатарлы 12 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Шеру, Суан, Керей, Албан.

Дардамты ауылына Дардамты, Бұлақ, Ластай қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Шеру, Суан, Керей, Албан.

Баяндай кентіне Жаңакөпір мөлтек ауданы және Су-Алматы, Дөңбазар, Жаңалық сынды 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Албан, Суан, Керей, Уақ, Қаракерей, Төртуыл, Қыпшақ, Қарауылжасық, Терістаңбалы, Жалайыр.

Үкіметтің 2020 жылғы ресми санағы бойынша, Құлжа қаласында 29 мың 496 қазақ болған. Қорыта келгенде, Құлжа қаласы қазағының жарымына жуығын Қызай руы, үштен бірін Албан руы ұстайды.

Құлжа ауданындағы ең басты қазақ руларының картасы

Бұл аудандағы ең үлкен қазақ ауылы — Әулие ауылы. Бұл ауылда 13 мың қазақ тұрады. Екінші үлкен қазақ ауылы Қараағаш ауылында 10 мың қазақ тұрады. Желжүзі, Қас, Шолақай өңірлерінің әрбірінде неше мыңнан қазақ тұрады. Ауданның басқа ауылдарында қазақ саны басымдылыққа ие емес. Сондықтан, қазағы шақты болған Дөңмазар, Жаңатам, Байтоғай, Самжүзі, Ұйғыр-Үшон, Онжар, Тұрпанжүзі, Угүң, Садықжүзі, Үшон дүңген ауылы, Мазар сынды ауыл-кенттерін атамадық. Бұл ауданда ұйғыр, дүңген, қытайлардың саны қазақтан басым.

Аудан орталығы болған Желжүзі қаласы Шығыс 1, Шығыс 2, Батыс 1, Батыс 2, Батыскөпір сынды 10 мөлтек ауданнан және Қотанмәлі, Желжүзі, Дөңмәлі қатарлы 5 елді мекенді қамтиды. Ең басты рулары: Қызай, Албан, Суан, Шеру, Сырымбет.

Әулие ауылы Әулие, Қазақ-Бөлекей, Құлыстай қатарлы 5 елді мекенді қамтиды. Ең басты рулары: Қызай, Суан, Шеру, Сырымбет.

Қараағаш ауылына Жырғалаң, Құжырты, Ойманбұлақ қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Суан, Албан, Шеру, Сырымбет.

Қас ауылына Шұбартүбек, Жарсу, Қарабақ қатарлы 9 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай

Шолақай ауылына Шолақай, Саймәлі, Орлы қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Үкіметтің 2020 жылғы ресми санағы бойынша, Құлжа ауданында 54 мың 912 қазақ болған. Қорыта келгенде, Құлжа ауданы қазағының 84 пайызын Қызай руы ұстайды.

Мұның ішінде аталған Шеру руы — Қызаймен бір туысатын ру.

Сырымбет руы болса — Қызайға сіңісті болып, кейін қайта бөлек отау көтеріп шыққан, Керейдің Жәнтекей руының бір тармағы. Қызай ішіне құда бала болып барып қалып қойған тұқым. Жәнтекей шежіресі бойынша Байымбет(Есағасы), Сырымбет, Қазыбек бір туады.

Күйтүн қаласындағы ең басты қазақ руларының картасы

Күйтүн қаласының қалалық аумағына Береке, Көрқарасу Шығысы, Бейжиң(Пекин), Үрімжі, Пойызвокзал, Бейжиң Батысы қатарлы 6 мөлтек аудан кіреді және қалаға Кегенши ауылы қарайды. Қала ішіндегі ең басты рулар: Керей, Найман, Албан, Уақ.

Кегенши ауылына Кегенши, Бөлекши қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ауылда 250 үй қазақ бар. Ең басты рулары: Мұрын, Қыржы.

2020 жылғы үкіметтің ресми санағы бойынша, Күйтүн қаласында 7108 қазақ болған. Қорыта келгенде, осы қазақтың 87 пайызын Керей, Найман теңбе-тең ұстайды.

Көкдала қаласындағы ең басты қазақ руларының картасы

Үш Аймақ үкіметі қызыл қытай әскерін қарсы алған соң, Алтайдан алынған қазақ әскерлердің Алтайдағы әскерлері осы Көкдала жеріне орналастырылды. Олар мұнда тың игерумен айналысты. Бұл әскерлердің ішінде Тарбағатайдың Керей, Уақ, Шанышқылысынан да қосылғандар жетерлік. Жергілікті Шеру руының екі қонысы да бұған қосылады. Ол кезең Оспан батырдың әлі қаһарланып тұрған кезеңі. Сондықтан, ол жақтағы кезінде үкімет жасақтаған қазақ әскерлерінің өз жерінде тұра берсе үкіметке қарсы күшке айналуы мүмкін деген қорқыныш оларды осы жаққа әкеліп орналастыруға себеп болған екен.

Көкдада қаласының қала аумағы Алтынтау(Алтай), Гүлбазар(Хуачың) деген екі аумаққа бөлінеді. Қалаға Қараағаш, Қопа(Уиху), Сарыарқа(Жинляң), Сарытам(Жинтүн), Баянды(Жаңфың) кенттері және Көкдала экономикалық және технологиялық даму аумағы кіреді. Қопа кентінің 12-, 14-ляндерінде Шерулер тұрып жатыр. Қалған жерінің бәрінде Керейді негіз еткен, шашыранды Уақ, Шанышқылысы әулеттері тұрмақ.

Көкдала қаласында 2020 жылғы үкіметтің ресми санағы бойынша 28 мың 572 қазақ тұрады. Әрине, айтарлықтай сан. Керейлер Көкдала қазағының 74 пайызын ұстайды. Бұл қала осыдан біраз уақыт бұрын Шыңғыс ханның мүсінін орнатумен танылған болатын.

Қорғас ауданындағы ең басты қазақ руларының картасы

Аудан орталығы болған Сүйдің қаласы Дұңгуан, Нәнгуан, Шинрұң қатарлы 9 мөлтек ауданға бөлініп қана қоймай, Ынтымақ, Талды, Ханжяжуаңзы қатарлы 4 елді мекенді қамтиды. Ең басты рулары — Суан, Қызай, Ашамайлы Керей, Албан, Шеру.

Сарыбұлақ ауылына Бестерек, Шатыртал, Шет-Сарыбұлақ, Шұбарағаш қатарлы 11 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай(Аманбай, Оразай, Торғай), Албан, Уақ, Шеру.

500 үй қазақ тұрады.

Қамысты ауылына Бесағаш, Ластай, Дөңмәлі, Қарасу, Малшылық қатарлы 11 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Ашамайлы Керей, Қызай(Таймас).

450 үй қазақ тұрады. Ластай қыстағы — Шимойын қыстақ есептеледі.

Алмалы мал фермасына Малшылық, Бірінші қыстақ, Екінші қыстақ қатарлы 3 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Уақ, Қызай(Оразай, Торғай), Албан, Суан, Семізнайман.

300 үй қазақ тұрады.

Чиңшүйхы ауылына Көкдала малшылық, Көкдала өндіріс, Аргүң, Ардаухы, Шичязы қатарлы 17 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қызай(Таймас).

300 үй қазақ тұрады.

Дашүгір(Ақсу) ауылына Шет-Ақсу, Төменгі қыстақ, Жоғарғы қыстақ қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Шеру, Қызай(Таймас). Таймастар Шөшүгір жағында отырады.

200 үй қазақ тұрады.

Қорғас тұқым майданына Малшылық, Бірінші қыстақ, Екінші қыстақ қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Албан, Суан.

100 үй қазақ тұрады.

Қазағы өте аз Сангүң дүңген ауылы мен Ланган, Сандаухы, Хуайюан(Рахатбақ) ауылдарын атамадық. Үкіметтің ресми санағы бойынша, 2020 жылы Қорғас ауданында 28 мың 945 қазақ болған.

Қорыта келгенде, Қорғас ауданы қазағының 40 пайызын Найман руы, 30 пайызын Албан руы иелейді.

Қорғас ауданынан бөлініп шыққан Қорғас қаласына назар аударайық.

Қорғас атауы "қарасу" деген мағынаны береді. Сондықтан, мұнда ескіше Қорғас, жаңаша Қарасу атанған өзендер қатар ағады. Қорғас шекара өткелі 2014 жылы Қорғас қаласы болып құрылып, Қорғас ауданынан бөлек ірге қалады. Қорғас ауданының Ишығашан сібе ауылы мен Мұқыр мал фермасы Қорғас қаласына берілген.

Қорғас қаласының шығысында бұрын Алмалы деген атпен Шағатай ұлысының, одан кейін Моғолстан хандығының астанасы болған қала тұрған. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғалақ Темір ханның(1329~1363 жылдары өмір сүрген) кесенесі де осында. Бұл қала 1211 жылдан бастап белгілі болған. Оған дейін Сайрам көлінің оңтүстік жағасында Қарлықтардың астанасы болған Алмалы қаласы болып, кейінгі Алмалы сол қаланың көшірілуінен пайда болды. Қойлылар(Қарлықтар) астана етуге дейін ол қала Көнек(弓月城) деген атпен 8 ғасырда Түркеш қағанатының маңызды қаласы ретінде қаралған екен. Сондықтан, Қорғас қаласының тарихы кемінде 1300 жылдан емін-еркін асады.

Қорғас қаласының қала аумағына Қарасу, Евразия Шығыс(Көкдала), Евразия Батыс қатарлы 5 аумақ қарайды. Ең басты руы: Шеру.

Мұқыр мал фермасына Малшылық, Бірінші қыстақ, Екінші қыстақ қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Шеру.

700 үй қазақ тұрады.

Ишығашан сібе ауылына Жарсу, Қаратас, Талдыарық қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Шеру, Ашамайлы Керей.

100 үй қазақ тұрады.

Үкіметтің ресми санағы бойынша, 2020 жылы Қорғас қалтасында 7 мың 560 қазақ болған. Қорыта келгенде Қорғас қаласы қазағының 90 пайызын Найман руы иелейді.

Күнес ауданындағы ең басты қазақ руларының картасы

Аудан орталығы болған Күнес қаласына Бақыт, Еңбек, Шығыс Қала қатарлы 5 мөлтек аудан және Бестөбе, Тоғай, Шапқыаузы қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Терістаңбалы, Төртуыл, Албан.

Бестөбе ауылына Қараағашты, Батпақты, Қамысты, Шапқыжаға, Жаңарсын қатарлы 13 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Терістаңбалы.

Нарат кентіне Нарат мөлтек ауданы және Нарат, Тайасу, Ынталы, Шалкөде, Бәйгетөбе қатарлы 10 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай, аздап Албан.

Аралтөбе ауылына Қарасу, Қарабұлақ, Үшкептер қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай, аздап Терістаңбалы.

Зекті кентіне Зекті мөлтек ауданы мен Зекті, Ақши, Ашылы қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Талды ауылына Ақши, Шегірбұлақ, Үштөбе, Мыс, Жарөткел қатарлы 11 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Төртуыл, Қаракерей.

Қарабура ауылына Көмейаузы, Қызылтал, Ақтоған қатарлы 8 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Алмалы(Телғара) ауылына Өріктіарал, Тақырбұлақ, Ақши қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, аздап Шеру.

Түрген ауылына Қараой, Аққырқа қатарлы 2 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Кеңсу ауылына Кеңсу, Қазақмәлі, Көктөбе қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Сорбұлақ ауылына Қақ, Сорбұлақ, Сорбұлақ жаңа қыстағы қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Аққой мал фермасында жеті рулы ел тұрады. Олар: Албан, Шеру, Қызай, Керей, Қаракерей, Уақ, Төре.

Үкіметтің ресми санағы бойынша, 2020 жылы Күнес ауданында 141 мың 394 қазақ болған. Қорыта келгенде, Күнес ауданы қазағының 89 пайызын Қызай руы ұстайды. Қалғандары Албан, Төртуыл, Керей, Қаракерей, Уақ, Төре, Терістаңбалы қатарлылар.

Моңғолкүре(Өр-Текес) ауданындағы ең басты қазақ руларының картасы

Бұл аудан Текес өзенінің бастауына орналасқандықтан, халық мұны Өр-Текес деп атайды.

Аудан орталығы болған Күре қаласына Ақшоқы, Дөңмәлі, Азат сынды 5 мөлтек аудан және 4 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қызай.

Сарықобы ауылына Сарықобы, Күркілдек Суықтоғай қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай, Төртуыл(Суықтоғайда).

Қарасу ауылына Тасарна, Кіші Сарықобы, Ақсай қатарлы 9 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Албан

Шаты қырғыз ауылына Қатартөбе, Бесқарағай, Қостөбе қатарлы 8 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қызай.

Ақсу қалмақ ауылына Тасбұлақ, Тасарна, Төменгі Ақсу қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Албан.

Қонақай ауылына Қызылжар, Бесқарағай, Ақтас, Қарасу, Төменгі Қонақай қатарлы 11 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қызай.

Қашажар ауылына Сынтас, Көкжар, Сарыөзек қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Ақдала ауылына Ақдала, Сулысай, Жоғарғы Қызылмойнақ, Орта Қызылмойнақ, Төменгі Қызылмойнақ 11 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Албан.

Қайыңды қалмақ ауылына Қатартөбе, Мұзарт, Қаракемер қатарлы 8 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Албан.

Ұзынбұлақ ауылына Ұзынбұлақ, Мыс, Жармәлі қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қыпшақ.

Үкіметтің ресми санағы бойынша, 2020 жылы Моңғолкүре ауданында 95 мың 135 қазақ болған. Қорыта келгенде, Моңғолкүре(Өр-Текес) ауданы қазағының 62 пайызын Албан руы, 35 пайызын Қызай руы ұстайды.

Нылқы ауданындағы ең басты қазақ руларының картасы

Нылқы ауданының орталығы болған Нылқы(Мылқы) қаласына Бірінші мөлтек аудан, Екінші мөлтек аудан, Үшінші мөлтек аудан қатарлы 8 мөлтек аудан және Жалғызтерек қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Уақ, Төлеңгіт.

Қарасу ауылына Шолақбұлақ, Кіші Қарасу, Жартоған қатарлы 8 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Шеру.

Кілең ауылына Қойтас, Қызылтұмсық, Сарыағаш қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Уақ(Тілес, Келес), Төре, Сіргелі(Байжігіт), Шапырашты(Еміл), Кете(Естек), Матай(Арық), Жарболды, Қызай.

Құжыртай(Тастоған) ауылына Тастоған, Үшкөмей, Ақтас қатарлы 9 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Мыс ауылына Мыс, Ұты, Қоңырадыр қатарлы 9 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Жаға-Ластай ауылына Жаға-Ластай, Құжыртай, Көкағаш қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Ластай ауылына Ластай, Қызылтас қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Терістаңбалы.

Нылқыөзен(Өзен) ауылына Нылқыөзен, Жаңамәлі, Көлденеңкөше қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай, Төлеңгіт(Қырғыз), Шеру.

Қаратөбе ауылына Қараой, Тасжол, Көктоған қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Сұптай ауылына Кіші Сұптай, Тау Сұптай, Борбосын қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Көкқортқыр қалмақ ауылына Қас, Үштөбе, Дөңмәлі қатарлы 10 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай.

Нылқы бал фермасындағы қазақтың ең басты руы: Қызай.

Бал фермада 200 үй қазақ бар.

2020 жылғы үкіметтің ресми санағы бойынша, Нылқы ауданында

88 мың 995 қазақ бар. Қорыта келгенде, Нылқы ауданы қазағының 73 пайызын Қызай руы, 6 пайызын Уақ руы, 5 пайызын Терістаңбалы руы ұстайды.

 

Текес ауданындағы ең басты қазақ руларының картасы

Текес(Қызылкүре) қаласына Қобы, Ақши, Арал қатарлы 9 мөлтек аудан және Ақтас, Бостан, Қоскөл қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қызай.

Шолақтерек ауылына Атшабыс, Шұбартобылғы, Мойынжол, Ақтерек, Тасбастау қатарлы 12 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Албан.

Қарадала ауылына Құмтөбе, Жарқора, Қапсалаң, Қарағанды, Үңгіртас қатарлы 12 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қызай, Төртуыл.

Шиліөзек ауылына Ақши, Қамыстыбұлақ, Аттыңтауы қатарлы 9 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Албан.

Қаратоғай ауылына Ақжол, Ешкілік, Ақтоғай қатарлы 9 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Қарауылжасық.

Текес жылқы фермасы(Қаратұмсық) аумағындағы қазақтың ең басты рулары: Албан, Қызай.

Құжырты қалмақ ауылы мен Көктерек қырғыз ауылындағы қазақ мардымсыз болғандықтан, ол ауылдарды атамадық. 2020 жылғы үкіметтің ресми санағы бойынша, Текес ауданында 70 мың 548 қазақ болған. Қорыта келгенде, Текес ауданы қазағының 68 пайызын Албан руы, 27 пайызын Қызай руы ұстайды.

Тоғызтарау ауданының ең басты қазақ руларының картасы

Аудан орталығы болған Тоғызтарау қаласына Қазақмәлі, Қарасу қатарлы 10 мөлтек аудан және Ташкенбайсаз деген 1 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Албан.

Ағарсын ауылына Қосағаш, Сарыөзек, Ақтам қатарлы 9 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай(Есіргеп, Жарылғап).

Көлденең(Мұқыр) ауылына Тасбұлақ, Көктал, Арал қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай(Жарылғап), бір бөлімі Албан.

Тікарық ауылына Талды, Ортамәлі, Ақбастау қатарлы 8 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай(Оразай).

Жырғалаң(Көгерсін) ауылына Көгерсін, Алмалы, Қаратұмсық қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты руы: Қызай(Қожаназар, Мөңке).

Ақтүбек ауылына Ақтүбек, Ақжазық, Шынар қатарлы 6 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай(Есенғұл), бір бөлімі Албан.

Тоғызтарау сиыр фермасына Ірі қара отряды, Жылқы отряды, Қой отряды қатарлы 11 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қарауылжасық, Қызай(Қожаназар).

Қосағаш қой фермасына Қызылшілік, Бірінші Жаңашаруа, Екінші Жаңашаруа қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай(Есіргеп, Жарылғап), Албан.

Басқа ұлттар басым тұратын Дөңмәлі, Тастөбе, Алма-Майдан өндірістік ауылдарын бұл қатарға кіргізбедік. 2020 жылғы үкіметтің ресми санағы бойынша, Тоғызтарау ауданында 57 мың 831 қазақ болған. Қорыта келгенде, Тоғызтарау ауданы қазағының 85 пайызын Қызай руы ұстайды.

Шапшал ауданындағы ең басты қазақ руларының картасы

Бұл өңір Үйсін тауының қос қапталында орналасқандықтан Үйсінтау өңірі деп те айтылады.

Аудан орталығы болған Шапшал қаласына 5 мөлтек аудан және 2 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қызай, Суан.

Сегізсұмын ауылына Сегізсұмын, Шағанбұлақ, Дирменбұлақ қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, бір бөлімі Қызай.

Үлкенбура ауылына Үлкенбура, Сопынбұлақ, Кіші Бура қатарлы 4 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Албан.

Кен ауылына Қолтықши, Алмалы,, Сарыжазық қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, Қоңырат, Қызай.

Топ қой өсіру ауылындағы қазақтың ең басты рулары: Албан, аздаған Қызай.

Жалғызтай (Жағыстай) ауылына Төменгі Жағыстай Жағыстай, Жоғарғы Жағыстай қатарлы 7 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Қызай, Албан.

Төртсұмын ауылына 2 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, бір бөлімі Қызай.

Бессұмын кентіне Бессұмын, Лаңқа, Шетбұлақ қатарлы 5 елді мекен қарайды. Ең басты рулары: Албан, бір бөлімі Қызай.

Алтынбұлақ кентіне 4 елді меке қарайды. Ең басты рулары: Албан, бір бөлімі Қызай.

Миляңчуан дүңген ауылы, Шоқыр, Қауыншы, Қайнақ, Жетісұмын қатарлы басқа ұлттары басым болып келетін ауылдарын атамадық.

2020 жылғы үкіметтің ресми санағы бойынша, Шапшал ауданында 45 мың 370 қазақ болған. Қорыта келгенде, Шапшал ауданы қазағының 61 пайызын Албан руы, 34 пайызын Қызай руы ұстайды.

Жинақтай келіп, біз Іле қазағының руларының ішінде Қызай руының сол жердегі қазақтың 58 пайызын(378 мың) ұстайтынын қорытындыладық. Іле қазақтарының ішінде Қызайдан кейінгі екінші орынға 25 пайызбен(164 мың) Албан руы жайғасады. Көкдала, Күйтүн, Қорғас жерлеріне шоғырланған Керей руы 35 мыңға(5%) жақындайды.

Зерттеген: Көкбөрі Мүбарак

Abai.kz

 

0 пікір