Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3045 9 пікір 10 Қазан, 2022 сағат 11:33

Путиннің туған күніне тосын сый

Қазіргі күнде мемлекеттік деңгейдегі торқалы тойлар мен топырақты өлімнің де саясиланып кеткені белгілі. Елизавета патшайыммен қоштасу аза жиынына ағылшын билігі Романовтар әулетімен құдандалы байланысы болса да, орыс басшыларын шақырмады. Бірақ жылда келетін Путиннің туған күні биыл да атаусыз қалған жоқ.

Әрине, Кеңестің шекпенінен шыққан Республика басшылары көш бастады. Біреуі қауыннан тау тұрғызды, жоқты қайдан тапсын, біреуі өзінің бренды болған тракторын ұсынды дегендей... Президент Тоқаевтың сыйлығы тіпті, ерекше болды. Орыс тілін дамытатын халықаралық ұйым құруды ұсынды. Ел басшысының бастамасын сыйлық дегеннен гөрі, көңіл жұбату десек дұрыс болғандай. Путиннің "Кеңес одағын қалпына келтіру", "Русский мир" идеясы көз алдында келмеске кетіп бара жатыр. Өзімізге таныс ортаға қарағанда Батыстың әйдік Путинге тартқан сыйы тіпті, өзгешелеу болды.

Басқасын айтпаған да Щвейцария ғылым академиясы Нобель сыйлығының бейбітшілік номинациясын Белорусь, Украина және Ресейдің диктаторлық режимге қарсы қоғамдық ұйымдарына берді.

Өзін Петр патша санайтын Путинге бұл саяси соққы болғаны анық. Қырым көпіріндегі жарылыс тіпті, оны есеңгіретіп кетті десе де болады. Медведьев Қырым көпіріне шабуыл жасалса, Кремльдің ядролық қару қолдануға мәжбүр болатынын айтып, сес көрсетіп еді. Путиннің ең жақын, ең сенімді адамдарының бақылауындағы саяси, стратегиялық маңызы бар нысанның күзеті ел мақтағандай болмай шықты. Путиннің 20 жылдан бергі өзіне адал жақтастарынан қаланған тас қамал билік прамидасының ішіне су жүгірді. Іс жүзінде қауқарсыз екенін анық көрсетті.

Қазақ билігі армандағандай Путин орыс тілін дамыту халықаралық ұйымын құрып, жалғасты "Русский мирін" армандай ма, жоқ атом қаруымен жаһанды дүр сілкінте ме, оған көз жеткізуге аз-ақ уақыт қалды.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407