Сәрсенбі, 1 Ақпан 2023
Қоғам 7311 0 пікір 27 Қыркүйек, 2022 сағат 18:33

Атажұртты қорғау жолындағы арнайы жасақтар рөлі

Заманауи соғыста арнайы жасақтардың рөлі зор. Оны Әзербайжанның арнайы жасақтары нақты көрсетті. Қауіпсіздік пен қорғаныс үшін түрлі бағыт бойынша арнайы жасақтардың маңызы орасан болып келеді. Ұрыс жағдайында олар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ал бейбіт өмірде тыныштықты сақтайды.

«Арыстан» ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы жасақтары шын мәнінде еліміздің негізгі арнайы жасақтары болып табылады. Ол сонау кеңес заманында мемлекеттік қауіпсіздік органдарының арнайы жасақтары ретінде, дәлірек айтсақ, Алматыда орналасқан КСРО МҚК 7-басқармасының «А» тобының 14-ші аймақтық бөлімшесі ретінде құрылған болатын. Құрылған арнайы жасақ бірден ұрысқа дайын бола қойған жоқ. Нақты қалыптасу 1990 жылдың қазан айында аяқталды. 1992 жылы 13 қаңтарда Алматылық «А» дивизиясының негізінде Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тікелей бағынатын «А» департаментін құрды, бұл іс жүзінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алғаннан кейінгі алғашқы ресми әскери құрылым болды. 1993 жылы сәуірде «А» бөлімшесі Президенттің Күзет қызметінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) ауыстырылды, ал 1994 жылы 11 маусымда ҰҚК құрамындағы «Арыстан» қызметі болып қайта құрылды.

Алғашқы әскери операцияны «А» бөлімі 1992 жылы жүргізді. 1992 жылдың 23 ақпанында Мәскеу-Ташкент пойызының вагонында арнайы сүйемелдеумен тасымалданған алты рецидивист қайрау құралдарымен сақшыларға шабуыл жасап, оқ-дәрілері бар сегіз тапаншаны тартып алып, қашып кетті. Топтан бөлініп шыққандардың бірі тез арада қолға түсті. Қалған бесеуі жоспарланған «Икарус» көлігімен Қызылордаға аттанды. Полиция қызметкерлері оларды тапқан кезде қару қолданған: біреуі өлтірілді, екеуі ұсталды. Алайда, қалған екі қылмыскер автобустағы оннан астам адамды кепілге алған. Келіссөздер барысында олар шетел валютасында құн төлеуді және шетелге ұшуға мүмкіндік беруді талап еткен. Олар шетелге ұшуға болатын Шымкент қаласының әуежайына барды. «А» бөлімшесі арнайы операцияларды дайындауға кірісті. Арнайы операция жауынгерлік шығынсыз сәтті өтті, қылмыскерлер залалсыздандырылды, кепілге алынғандар босатылды. Арнайы күштердің маңызы арта түсті. «Арыстанға» қылмыскерлермен 1999 жылы күресуге тура келді, ол кезде өлім жазасына кесілген он жеті адам Астананың уақытша ұстау изоляторында үш күзетшіні кепілге алған болатын.

Негізгі міндет – лаңкестерге қарсы күрестен басқа, «Арыстанның» аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау, контрабандашылар мен қару-жарақ сатушылардың әрекеттерінің жолын кесу болфп табылады.

Тағы бір арнайы жасақ түрлері Қазақстанның шекара қызметіне қатысты. Қазақстанның Шекара қызметі бірнеше рет реформаланып, қайта тағайындалды - барлығы оннан астам ұйымдық өзгерістер болды. Бұл Шекара әскерлері мен олардың құрамындағы арнайы жасақтардың қалыпты дамуына кедергі келтірді.

Бүгінгі таңда ҰҚК Шекара қызметі Шекара әскерлерінің төрт өңірлік басқармасынан тұрады: «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» және «Солтүстік». Оларға шекара отрядтары, шекара заставалары, шекара комендатуралары мен шекаралық бақылау бекеттері кіреді, ал Каспий жағалауында әскери-теңіз бөлімшелері де бар. Шекара қызметінің құрамында орталық бағынысты бөлімшелер мен күшейту бөлімшелері (авиация, сапер, байланыс) бар. Олардың қатарында шекара қызметінің арнайы жасақтары – «Боран» (орталық бағынысты) және «Орлан» («Оңтүстік» өңірлік басқармасы) десанттық-шабуылдаушы, маневрлік жасақтары, сондай-ақ «Ақ-Барыс» әуе-десанттық заставасы бар.

ҰҚК «Боран» десанттық-шабуылдау-маневр тобы Қазақстанның бұрынғы КСРО-дағы көршілерімен әлі де дамымаған шекарасының ұзақ учаскелерінің көпшілігінде әдеттегі шекарашылардың тығыздығы төмен болғандықтан ерекше маңызға ие. 2005 жылдың 12-17 қыркүйегінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның шекара ведомстволары бірлескен «Шекара бауырластығы-2005» арнайы операциясын жүргізді. Сол 2005 жылы 20 сәуір мен 10 мамыр және 12 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан мен Ресейдің шекара қызметтері «Толқын-2005» бірлескен операциясын жүргізді. Бұл істерге бірінші кезекте арнайы бөлімшелер мен жылжымалы резервтер белсенді түрде тартылды. Арнайы жасақтар өздерінің үздік екенін көрсетті.

2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін армияның арнайы жасақтарының нақты жандануы басталды. Бірқатар өзгерістерден кейін Қазақстан Қарулы Күштері үш түрлі классикалық құрылымға ие болды. Жоғарғы Бас Қолбасшының (Президенттің) резерві ретінде әскерлердің (күштердің) дербес тармағы – Аэроұтқыр әскерлері құрылды. Олар екі десанттық-шабуылдау бригадасы және арнайы мақсаттағы бригада негізінде құрылды. Олардың қатарында «Қазбат» бітімгершілік батальоны да болды.

Аэроұтқыр әскерлерінің штаб-пәтері Алматыда орналасқан. Олардың жалпы саны шамамен 6 мың адам. Қазақстан армиясының Аэроұтқыр әскерлері Орталық Африка Республикасының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қазақстандық құрамдас бөлігін қалыптастырды.

Соңғы жылдары армияның арнайы жасақтары, жалпы Қарулы Күштер сияқты, жақсы дамып келеді, бірақ Қарулы Күштердің арнайы жасақтарында тікелей ұрыс тәжірибесі жоқ. Рас, «Қазбат» батальонының құрлық әскерлері ротасының құрамында Тәжікстандағы ұжымдық бітімгершілік миссиясына қатысқан офицерлердің белгілі бір бөлігінде тәжжірибе бар, алайда ол аздық етеді.

Арнайы жасақтар ел қорғанысының негізі болып табылады. Әлемде геосаяси ахуал қиындаған сайын, маңызы да арта бермек.

Abai.kz

0 пікір