БАҚ: Әбілязовтың артында Ресей тұр
Мұхтар Әбілязовтың Ресеймен байланысы бар. Бұл туралы «asiatelegraf.com» жазды.
«Қазақстандық қашқын банкир, олигарх, қазіргі күні оппозиционер және Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» саяси ұйымының жетекшісі Мұхтар Әблязов өзін «наразылық шерулердің көшбасшысымын» деп санайды. Ол Қазақстандағы саяси режимнің өзгеруін белсенді түрде насихаттап жүр. Өз отанында өмір бойына бас бостандығынан айырылған ол Францияда жасырынған», - деп жазады «asiatelegraf.com».
Басылымның жазуынша, ҚДТ-ны үшінші ел бақылап, басқарып және қаржыландырып отыр.
«Жинаған дереккөздің барлығы осыған сәйкеседі», - дейді «asiatelegraf.com».
Қаржыландыру көздерінің жоқтығына, активтерінің қатып қалғанына қарамастан, Әбілязов Қазақстан халқын митингілер мен наразылықтарға шақыра отырып, белсенді оппозициялық қызмет жүргізіп отыр.
Бұған дейін америкалық басылым ауқымды тергеу жүргізген болатын. Зерттеу барысында Әбілязов 2016 жылғы АҚШ сайлауына араласқаны үшін айыпталған Ресейліктермен байланысты екені анықталған. Мұхтар Әбілязов АҚШ-ғы сайлау кезінде Ресеймен ынтымақтасқан кәсіпкерлермен және шенеуніктермен байланыс орнатып, миллиондаған долларлық мәмілелер жасағаны белгілі болды. Бұл туралы интернет желісіне құжаттар мен хат-хабарлар тарап кетті. Кейін Әбілязовпен байланысқан кәсіпкерлер мен шенеуніктер «Ресейдің АҚШ сайлануына араласуы» деген айыпқа ілінді.
2018 жылы ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты зерттеу жобасы (OCCRP) және BIRN Балқан желісі «10 жыл бұрын Әбілязов БТА банкінің қаражатын пайдаланып, Ресей, Сербия және Ұлыбританиядағы жылжымайтын мүліктерін бірқатар оффшорлық компанияларды пайдаланып инвестициялаған», - деді.
BIRN берген деректер бойынша, оның құны 50 миллион долларлық Мәскеудегі бір тұрғын үй кешенін Британдық Виргин аралдарында тіркелген Gainsford Investments бақылауындағы компания әзірлеген. Gainsford Investments-тің 70 пайызы өз кезегінде Британдық Виргин аралдарындағы Glinthill Investments Ltd деп аталатын басқа заңды тұлғаға тиесілі болған. Ол жерде Мұхтар Әблязовтың 100% үлесі бар болатын.
Әблязов қазақстандық БТА банкінен миллиардтаған доллар жымқырғаны үшін және бүкіл әлем бойынша компаниялар желісі арқылы, жылжымайтын мүлік пен коммерциялық кәсіпорындар арқылы кірістерді ұрлады деп айыпталды.
Бір қызығы, Әбілязовты Қазақстан және басқа да бірқатар елдер түрмеге сырттай жапқанына қарамастан, оның Ресейдегі жалпы сомасы 200 миллион долларлық активтері мен элиталық жылжымайтын мүлігіне ештеңе болған жоқ. Ал Ұлыбритания мен Америкадағы соттар оның активтерін тоқтатты.
Ашық емес дереккөздер хабарлағандай, Кремльдің мұндай қолдауы Әбілязовтың Ресей Үкіметімен ауыз бір екенін көрсетеді. Ресей оның «қызметіне» ақы ретінде 200 миллион доллардан асатын активтерін қайтарып алмауға уәде берген.
Әбілязовтың Ресей билігімен ынтымақтастығы пысықталған схема бойынша жүреді. Ол өзінің сөздерінде Ресейге қарсы ештеңе демейді, бірақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сынға алып, оны елді ресейшіл бағытта дамытып жатыр деп айыптайды.
Батыс элитасының Тоқаевқа көзқарасы өте жақсы. Қазақ президентінің өзі де осы көзқарасты барынша қолдауға және нығайтуға тырысады.
Бұл жерде Әблязовтың бейнесі Ресей билігі үшін өте қажетті, сәтті таңдалған. Оның ерекше оппозициялық ұстанымы Тоқаев пен оның батыс әлемі алдындағы беделін түсіру үшін тамаша мүмкіндік бола алады. Сондай-ақ Қазақстан мен Батыстың «нәзік» қарым-қатынасына іріткі салады.
Қазақстандық экс-банкирді тұзағында ұстай отырып, Ресей «екі қоянды бір оқпен атады». Сол арқылы қоғамда әлеуметтік-саяси алауыздық туғызып, ел іргесінің беріктігіне сынақ жасайды. Осылайша ыңғайлы жағдайда қолдан жанжал туғызады.
Abai.kz