Сенбі, 23 Қараша 2024
2537 16 пікір 13 Қазан, 2022 сағат 11:51

Тоқаев: ХХІ ғасыр – Азия ғасыры болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде Азия елдерінің әлемдік экономикадағы орны туралы айтты.

«ХХІ ғасыр Азияның ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды. Азия атаулы ЖІӨ және сатып алу қабілетінің паритеті бойынша танымал әлемдік экономикалық көшбасшыға айналды. Аймақ айтарлықтай адами және табиғи ресурстарға ие. Әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21-і Азияда орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың 30 триллион долларлық тұтынуының барлық болжамды өсуінің тек 1 триллион доллары Батыс экономикаларына түседі деп күтілуде. Алайда, Азияның болашағы біздің мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығымызға байланысты», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті дамыту үшін қабылданған қадамдар осы мақсатқа сәйкес келетініне сенім білдірді.

«Кеңес бұдан былай Азия құрлығында жұмыс істейтін басқа да табысты көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы прогреске, экономикалық өркендеуге және диалогқа ықпал ететін болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475