Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3349 2 пікір 13 Қазан, 2022 сағат 12:03

Ақылбек Күрішбаев депутаттық қызметтен кетті

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Күрішбаев басқа қызметке ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде өзі өтініш жазған.

«Ақылбек Қажығұлұлы Сенаттың заң шығару жұмысына өзінің сүбелі үлесін қосты. Депутаттық сауалдар арқылы халықты алаңдатқан маңызды мәселелерді оң шешуге де белсенді атсалысты. Хатшы ретінде комитет жұмысын тиімді ұйымдастыруға да зор еңбек сіңірді. Осы атқарған барлық жұмыстар үшін Ақылбек Қажығұлұлына Сенат басшылығы атынан ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз. Депутат ретінде атқарған қызметін жоғары бағалай отырып, Палата бюросы Ақылбек Қажығұлұлын Сенаттың Құрмет грамотасымен марапаттады. Құрмет грамотасын тапсыруға рұқсат етіңіздер. Жаңа қызметіңізге табыс пен сәттілік тілейміз», - деді М. Әшімбаев.

Айта кетейік, Ақылбек Күрішбаев елімізде жаңадан ашылатын заманауи ғылыми зерттеу институтын басқарады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2931
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 945