Берік ӘБДІҒАЛИЕВ: АСТАНАҒА ШАҚЫРЫП ЖАТҚАНЫ РАС, ӨЗІМЕ САЛСА, ОСЫ ЖҰМЫСЫМДЫ ІСТЕЙ БЕРГІМ КЕЛЕДІ
Берік ӘБДІҒАЛИЕВ, Арқалық қаласының әкімі:
- Біз қазір орыс тіліне деген тәуелділіктен қорғануымыз қажет. Кеше Елбасы «Латын қарпіне көшуіміз керек» дегенді бекер айтқан жоқ. Қазақстанның кәстөмін киіп алып, Қазақстанда шығарылған телефонмен сөйлесіп, Қазақстанның көлігіне мініп алып, орысша шүлдірлеп жүргеніміздің не керегі бар?! Дәл қазір бізге қажет ең басты экономика - ұлттық рух болуы керек! - дейді сұхбат берген белгілі саясаттанушы Берік Әбдіғалиев.
- Беке, ұлық болып кеткеніңізге 3 жылдай, соның ішінде Арқалықтай елеусіз қалған қалаға әкім болғаныңызға 7 ай толыпты. Сізге қай жұмысыңыз ұнайды: сарапшылығыңыз ба, әкімдігіңіз бе?

- Әкімнің жұмысы маған жат емес. 12 жыл бұрын Теміртауда Серік Ахметовтің орынбасары болып істегенмін. Ұлытауға бармай тұрып, негізгі ойым - у-шу қаладан, саясаттан шаршап, ауылға кету-тұғын. Өйткені кезінде көп нәрселерді айтқанмын. Бәрі бекер сөз сияқты. Сөзжарыс болып кетті. Кім әдемі сөз айтады, соған жақсы. Өкінішке орай, бір мінез көрсетіп, іс-қимылға бара алмаймыз. Кезінде қаншама сөз айттым. Қазір сол сөздерімді біреулердің қайталап жүргенін естіп қаламын. Менің осыдан 3-4, 5-6 жыл бұрын айтқандарымды біреулер қазір айтып жүр... Саясатқа қызығушылығым жоғалды! Ендігі қызығатыным - өзім бұрын айналысқан тарих, этнология. Түбінде сол тарихи-ғылыми жұмысыма қайтып баратын шығармын.
- Сонда саясаттан іргеңізді мүлдем аулақ ұстайсыз ба?
- Әлгінде айттым, саясат мені дәл қазір еш қызықтырмайды. Ол кейін өзгеріп, күн тәртібіне жаңа мәселелер шығып жатса, баруым мүмкін. Бірақ қазір Үкімет бәрібір менің қазақ тілі, қазақты дамыту туралы айтқандарымды қабылдамайды. Мен саясаткер емеспін! Тек саяси технология, ақпараттық технология бойынша бір саланың маманы ғанамын. Саясаткер болып қызметке барсам, ертеңіне-ақ қуып шығады.
- Сізді Астанаға шақырып жатыр деген сыбыс бар. Барасыз ба?
- Шақырулар бар. Арқалыққа мені 1-1,5 жылға жіберген. Бірақ бәрі өзгеріп кетті. Өзіме салса, осы жұмысымды істей бергім келеді. Бастадым ғой. Бірақ ана жақтағы басшылар қажет деп шешсе, барамын. Бір қуанатыным, 3 жылдық тәжірибем басқа әкімдердің 10 жылынан кем емес. Өйткені әр түрлі жерлерде істегендіктен, салыстырып отырамын.
- Президент Жолдауында «латын қарпіне көшеміз» деген сөз айтылып қалды. Бұл ненің нышаны?
- Біздің қоғам Ресейдің ықпалынан қорқады. Халықтың көкейінде «Ресейдің қолтығына қайтадан кіріп барамыз» деген алаңдаушылық бар. Кеше Елбасының латын қарпі дегені де бекер емес. Біз енді қазақ тілін, ұлттық рухымызды сақтап қалуға білегімізді сыбанып кірісуіміз керек. Ертеңгі күні Қазақстанның кәстөмін киіп алып, Қазақстанда шығарылған телефонмен сөйлесіп, Қазақстанның көлігіне мініп алып, орысша шүлдірлеп жүргеніміздің не керегі бар?! Ондай «казахский экономиканың» не керегі бар?! Дәл қазір бізге қажет ең басты экономика - ұлттық рух! Ұлттық рухымызды шайқалтып отырған Ресейдің ақпараттық экспансиясы. Өйткені идеологиялық жағынан бәсекелес бола алмай, ұтылып жатырмыз. Мысалы, біздің теледидар (орыстілді арналар) өз өнімдерімізді шығаруы керек. Олардың өнімдері анау «НТВ», «ОРТ»-лардан бірде кем болмауы керек. Сонда халықтың беті бұрылады. Ұлттық рухқа БАҚ-тың ықпалы өте зор. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыратын солар. Қазір Германия, Франция сиияқты алпауыттардың өздері ағылшын тіліне, АҚШ-қа тәуелділіктен қорғанып жатыр. Біз орыс тілінен, Ресейден қорғануымыз керек! Қытайдан демография жағынан қауіп болмаса, тілден қауіп жоқ!
Сұхбаттасқан - Төлен ТІЛЕУБАЙ
"Халық сөзі" газеті