Сенбі, 15 қазанда Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедовпен келіссөзден кейінгі баспасөз конференциясында көрші екі ел газ саласындағы әріптестік болашағын талқылады деп мәлімдеді.
Қазақстан мен Түркіменстан компаниялары қабылдаған келісім-шартқа тоқталған Тоқаев түркімен әріптесіне осы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
"Біз мерзімі ұзақ келісімге отырып, газ импортының бір жылдағы көлемін 1,5 млрд текше метрге жеткізуге дайынбыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстан Түркіменстанның энергетика саласындағы ірі бастамаларын жүзеге асырғысы, сонымен бірге мұнай-газ өңдеу мен мұнай-газ химиясы салаларында өзара тиімді жобаларды дамытқысы, тәжірибе алмасқысы келеді.
Abai.kz