Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Билік 3557 6 пікір 19 Қазан, 2022 сағат 14:27

Қарақат Әбден кандидат ретінде ресми тіркелді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеу жөнінде шешім қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясының 11 қазандағы қаулысымен кандидатураның заң талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Үміткерге азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатты қолдаған еліміздің 15 өңірінен 121 314 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 120 158 қол тексеріліп, 118 418-і сенімді деп танылды»,- деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы қаулыны дауысқа салды. Нәтижесінде бірауыздан оң шешім қабылданды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1375
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2954
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1021
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 961