«Мерейлі отбасы - 2022» Республика күні қарсаңында өтіп жатыр – Балаева
Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева мәлімдеді.
«Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық байқауы еліміздегі ең маңызды отбасы мерекесі. Жыл басынан үздік отбасыларды іріктеп, күзде жеңімпаздарды марапаттайтын дәстүріміз бар. Бүгін міне,осы жылдың қорытындысын жариялауға жиналып отырмыз, - деді Аида Балаева.
Айтуынша, биыл марапаттау рәсімі жылдағыдан ерекше.
Бұл салтанатты іс-шара ұлттық мәртебе алған Республика күні қарсаңында өтіп жатыр. Республика күні еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамын айшықтайтын, халқымыздың берекесі мен бірлігін нығайтатын ең маңызды ұлттық мейрам, – деді Балаева.
Марапаттау рәсіміне қатысу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, сондай-ақ барша көрермен қауым жиналды.
«Мерейлі отбасы - 2022» байқауына 2014 жылдан бері 20 мыңнан астам жанұя қатысқан. Биыл өткен байқауға 2542 отбасы қатысқан. Олардың 63,4 пайызы ауыл тұрғындары. Әр өңірден жиналған шығармашыл 20 отбасы жеңімпаз атанды.
Abai.kz