«Қаңтар оқиғасы» - жылдар бойы жиналған саяси мәселе»
Президент сайлауының күзде болуы алдын-ала ұйымдастырылған ба? Бұл сұраққа Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қошанов Ерлан Жақанұлы журналист Нартай Аралбайұлының ютуб арнасында айтып берді.
“Күтпеген жағдай десек сенбейсіз. Мемлекеттің тағдырына қатысы бар ірі шешімдер атүсті қабылданбайды ғой. Сондықтан президент өзіне қажетті деген адамдармен ақылдасады. Ойланып-толғанып шешім қабылдайды. Бірақ шешімді өзі қабылдайды. Сондықтан президент сайлауы сын-қатерлерді ескерген шешім деп ойлаймын. Бұл-біріншіден. Ал екіншіден, кейбір шешімдер тез қабылданады. Бұл президенттік сайлау зерттелген, жан-жақтан қамтылған шешім”,- деді Мәжіліс төрағасы.
Сондай-ақ, ол “Қаңтар оқиғасы” туралы да айта кетті.
“Қаңтар оқиғасы” біздің мемлекетімізде жылдар бойы жиналған саяси мәселенің бар екенін көрсетті. Соған жауап ретінде президент саяси реформалар жариялады. Оны халық болып қолдады. Бұл “Қаңтар оқиғасы” ішімізде болып жатқан сын-қатерлерге берілген жауап болды. Ал енді сырттан келетін қауіп-қатер жоқ емес. Қазір Қазақстан айналамызда лаулап жанып жатқан тұрақсыздықтың ішіндегі тұрақтылық секілді болып тұр. Оны көре алмайтындар да бар. От тастап отырғандар соның дәлелі. Сондықтан мұның барлығын болдырмас үшін президент сыртқы саясатты белсенді жүргізіп отыр”,- деді Ерлан Жақанұлы.
;list=TLGGvEat36XgXV8yMzEwMjAyMgAbai.kz