200 мың шетелдік ЖСН алуға өтініш берген

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған күннен бері Қазақстанда екі жүз мыңға жуық шетелдіктен ЖСН алуға өтініш түскен.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.
"21 қыркүйектен бері шетелдіктерден 200 мыңдай өтініш түсті", - деді Тұрысов мәжіліс кулуарында.
Олардың қаншасы Ресей азаматтары екені белгісіз. Вице-министр Қазақстанда жұмыс істеп, банк шотын ашқысы келетін кез келген шетелдік ЖСН алуға міндетті екенін атап өтті.
4 қазанда Қазақстанға келген 70 мыңға жуық ресейлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан жеке сәйкестендіру нөмірін алғаны хабарланған болатын.
Abai.kz