Қазақстан: Әскерге барғандар тегін оқиды
Әскери борышын өтегендер ЖОО-да тегін оқуға мүмкіндік алды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.
"Бүгін қорғаныс министрі 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3000 грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни, бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ұлттық бірыңғай тестілеусіз түсе алады", - деп атап өтті Ахмедиев.
Сонымен қатар әскерде жақсы нәтиже көрсеткендер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Бұдан бөлек, қорғаныс министрлігі әскерден кейін сарбаздарды жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындармен келісім жасауды жоспарлап отыр.
Abai.kz