Сенбі, 11 Қазан 2025
4006 4 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 13:26

ТМД елдері жемқорларды бірігіп құрықтайды

ТМД елдері жемқорлық жасады деген күдікке ілінген қашқындарды бір-біріне ұстап беруге келісті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

2022 жылдың 14 қазанында Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

Бұл құжат 2008 жылы әзірленген болатын. Алайда 2022 жылы ғана тараптар қол қоюға келісті.

Келісім сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге негізделген.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 811
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9878