Бейсенбі, 15 Қазан 2026
3222 5 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 13:34

Рамиль Мухоряповтың ісі тексеріліп жатыр

Жуырда қоғамда Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты сөзі талқыға түскені белгілі. Осыған қатысты журналист Айбар Олжаев Алматы прокуратурасына кәсіпкердің сөзінде Қылмыстық кодекстің 174-бабында қарастырылған «Әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері бар ма?» деген сауал жолдаған болатын. 

Бұл сұраққа Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев жауап берді.

«Менің хабарым бойынша, қазіргі таңда Алматының Ішкі істер департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Сол тексеру аясында арнайы сот сараптамасы тағайындалды. Сол сот сараптамасының қорытындысы бойынша шешім тағайындалады. Сот сараптамасынан кейін ғана оның әрекеттеріне баға бере аламыз», - деді ол Сенат отырысынан кейін кулуарда.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1014
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1367