ТМД Үкімет басшыларының кеңесі өтіп жатыр
Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының кезекті кеңесі шағын құрамда басталды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтіп жатқан іс-шараға Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметінің басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысуда.
Кеңес барысында Үкімет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын, 2023 жылы Беларусь Республикасында ТМД елдерінің II ойындарын өткізу жайын және өзге де өзекті мәселелерді талқыға салады.
Abai.kz