Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
3318 4 пікір 2 Қараша, 2022 сағат 14:26

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда

"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қ. Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда",-деп  хабарлады Антикор .

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар орнатылып, елге қайтарылды.

Сонымен қатар, Қ. Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жалғасуда.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992