Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2875 0 пікір 4 Қараша, 2022 сағат 12:19

Қырғызстан банктері ресейлік "Мир" карталарын қабылдаудан бас тартып жатыр

Қырғызстанда тағы екі банк Ресейдің "Мир" төлем жүйесінің карталарына қызмет көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды 24.kg.

«2022 жылдың 1 қарашасынан бастап "Оптима Банк" "Мир" төлем карталарына қызмет көрсетуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Банк POS-терминалдар операцияларын, банкоматтарда ақша аудару процесін бұғаттады» ,-делінген қаржы-несие мекемесінің хабарламасында.

"Бай Тушум" банкі де осындай шешім қабылдады. Өткен аптада Қырғыз инвестициялық-кредиттік Банкі "Мир" картасына қызмет көрсетуді тоқтатқан болатын.

Басылым атап өткендей, "Толубай банк", "Еуразиялық жинақ банкі", "Капитал Банк", "Қырғызкоммерцбанк", "Керемет Банк", "Экоисламик Банк" және "РСК Банк" "Мир"  карталарымен жұмысын жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасында Қырғызстандағы үш коммерциялық банк Ресейдің "Мир" төлем жүйесінің карталарын қабылдаудан бас тартқан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1393
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2971
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1041
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972