Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2125 0 пікір 7 Қараша, 2022 сағат 13:04

Риддерде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

Риддер қаласында жылу электр станциясынан тағы да ақау шықты. Мыңдаған үй жылусыз қалды. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, 5 қараша кешкі сағат 20.00-де күл шығару жүйесінің сорғысы істен шықты. 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда тоқтатылды.

Соның салдарынан жылу жүйесіндегі судың температурасы +30 градусқа дейін төмендеді. Ал қалыпты температура мөлшері +70 болуы шарт. Риддер қаласында 22 мыңнан астам абоненттің үйі салқындап кеткен.

7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.

Сондай-ақ, осы уақытта қаланың мектепке дейінгі мекемелері жұмысын тоқтатады.

Қалада апатты жою жөніндегі шұғыл штаб құрылды. Оған облыс әкімі жетекшілік етеді. Жылу станциясына Согра және Өскемен ЖЭО, "Өскемен жылу желілері" АҚ мамандары барған. Олар күл шығару жүйесінде қозғалтқышты ауыстыру және іске қосу-реттеу жұмыстарын бастап кетті.

ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілген. Ал "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкерін жіберген. Сондай-ақ, Өскеменнен "Востоквзрывпром" ЖШС-нің 20 маманы барды.

"Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" компаниясы да Риддерге 12 авариялық бригадасын жіберді. ЖЭС-да жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 743
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2041
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 514
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 488