Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
2654 3 пікір 7 Қараша, 2022 сағат 16:10

Болат Жәмішев "Bank RBK" банк директорлары кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

"Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің 31 қазан күнгі шешімімен Жәмішев Болат Бидахметұлы банк директорлары кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.    

Болат Жәмішев бұл қызметті 2020 жылдың 30-қазанынан бері атқарып келеді. Ал биылғы 31 қазанда директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта тағайындалған.

Ол 2022 жылдың 1 ақпанында «Қазақстан халқына» қорының төрағасы болып тағайындалған еді.  Болат Жәмішев бұл қызметті "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы міндетімен қатар атқара бермек.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 435
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1647
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 408
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 386