Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 2709 0 пікір 8 Қараша, 2022 сағат 13:10

Қытайға үміт сыйлаған сапар...

Өткен апта соңында Германия премьер-министрі Шольц Қытайға қысқа уақытқа сапарлай барды. Қытайдың қатаң карантиніне байланысты Германия ұшағы Шольц пен әріптестерін әуежайда қалдырып, өздері Кореяға аялдап, 11 сағаттан кейін қайта келіп, делегация өкілдерін алып кеттен. Неміс өкілдері әуежайда ПТР тест тапсырған.

Барша әлем Қытай төрағасының біздің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің атын шатастыра беретін орыс басшысы Путин сияқты Германия премьер-министрінің атын ұмытып қалғанына куә болды. Әдейі айтқысы келмеді ме, жоқ, шын ұмытып қалды ма, «Әй, қалайсың?» деп амандасты.

Неміс басшысы Қытай сапарының алдында ықпалды бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беріп, экономикалық мүддеге байланысты Қытаймен мүлдем ат кекілін кесіспейтінін, іштесіп те кетпейтінін айтып, сайлаушыларымен өзге әріптес елдердің алдында ақталғандай болып еді. Көптеген басылымдар Германия басшысының елден ерекше Қытай сапарын мемлекеттік сапардан гөрі «экспорты арттыру қимылына» ұқсайды деп жазған. Шольц Қытайға немістің әйгілі «Адидас», «BMW», «Volkswagen» «SIEMENS» «BASF» қатарлы 12 компаниясының жетекшілерін ертіп барғанымен, қытай басшысының шамына тиетін Шынжаң, Тайуан. Украин мәселесін де сөз еткен. Ши төраға да айыбын жуғысы келгендей алғаш рет Путиннің Украинаға кез келген атом бомбасын қолдануына қарсы екенін жеткізген. Бұл жайында Американың «The Wall Street Journal» басылымы арнаулы мақала жариялады.

Ай мен күннің аманында төрт қабырғаға қамалып, екі көзі төрт болып, карантиннің тезірек бітуін күтіп отырған қытай жұртына неміс басшысының бұл жолғы сапары үміт ұялатқандай болды. Оның екі түрлі негізі бар.

Германия басшысы тілшілермен кездесуінде өздерінің «BioNTech» компаниясы өндірген вакцинаны Қытай билігінің қолдануға уәде бергенін жеткізді. Алдымен Қытайда тұрып жатқан шетел азаматтарына егілмек. Оның қарымтасы ретінде Германия Қытайдың отандық вакциналарының Еуропа нарығына шығуына жол ашпақ.

Қытайлықтарды қуантқан ендігі бір жаңалық: Қытай тарабы Германиядан 17 миллиард долларға 140 дана жолаушылар ұшағын сатып алуға келісім-шарт жасасқан. Карантинді алу ойы болмаса, ұшақ сатып алмас еді деген сөз.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364